Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Маңғыстау мұнайының қара шаңырағы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының өсіп-өркендеуі жолында күш-қайратын сарп еткен майталман мұнайшылар қатарында кезекті кейіпкеріміздің есімі ерекше аталады. Ол отыз жылға жуық өндірістің ыстық-суығына төзіп, мұнайлы мекеннің ырысын еселеуге елеулі үлес қосып келеді.
Дүйсен Жаулыбаев 1960 жылы Қарақалпақстанның Хожелі қаласында туып өскен. Ол 1978 жылы орта мектепті тәмамдап, сол жылы ауыл шаруашылық техникумның техника-механика бөліміне оқуға түседі. Ата-анасы мал шаруашылығы саласында еңбек еткесін бе, Дүйсен аға шаруашылық саласынан ұзай қоймады. Дегенмен тағдырдың таңдауы кейіпкерімізді өндіріске алып келді. Дүйсен Мыңбайұлының бұл салада еңбегі жана түспесе, кеміген жоқ. «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ 1995 жылдың шілде айында келіп, тәуелсіздік тұсынан күні бүгінге дейін еңбек етіп, ел қазынасын қара алтынға толтырып жүр. Кешенді мұнай дайындау және өткізу цехында технология сораптар машинисі ретінде оның атқарар қызметі орасан зор. Жауапкершілігі де жоғары. Бүгінгі өндірістің тыныс-тіршілігі мен аяқ алысына зор ризалық, үлкен сенім артады.
"Қазір өндірісте алғашқы жұмысқа кірген кезеңмен салыстыра қарасақ, әрине өзгерістер көп қой. Мұнай-газ саласына енгізілген жаңа технологиялардың арқасында еңбек өнімді, жұмыс нәтижелі. Біздің кешенді мұнай дайындау және өткізу цехында технология сораптар машинисінің атқарар міндеті, жұмысы оңай емес. Мишинист мамандығын игеру үшін ең алдымен шыдамдылық, сабырлық керек деп ойлаймын. Күннің ыстық-суығына қарамастан сораптарды майлау,сальник соғу жұмыстары кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі. Машинистің негізгі жұмысы – күн сайын ауысым келгенде бірінші сол сораптарды тексеру, қандай жағдайда екенін біліп жұмысқа жарамдылығын қадағалау. Ұжымда екі вахтада 60 адамнан, 120 қызметкер еңбек етеді. Міне, осы өз ісінің нағыз мамандары жиылған ұжымда мұнай өндіру ісі мүлтіксіз жүріп отыруы керек", – дейді Дүйсен Жаулыбаев.
Жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайтын Дүйсен ағаның бір туған бауырлары да өндірісте еңбектері жанған жандар. Ал отбасында өз бақытын тапқан еңбек иесінің балаларының бәрі жоғары білім алып, ата-анасының үмітін ақтауға күш салып келеді. Қос қызы экономист мамандығында білім алып, өз салаларында абыройлы қызмет етіп жүр.
92
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
151
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
135
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету