Главная Новости Moody’s алғаш рет «Самұрық-Энерго» компаниясына Baa2 инвестициялық рейтингісін берді
23 июля 2026, 19:34 44

Moody’s алғаш рет «Самұрық-Энерго» компаниясына Baa2 инвестициялық рейтингісін берді

Moody’s алғаш рет «Самұрық-Энерго» компаниясына Baa2 инвестициялық рейтингісін берді

Халықаралық Moody’s Ratings рейтингтік агенттігі алғаш рет «Самұрық-Энерго» компаниясына «Тұрақты» болжамымен шетел және ұлттық валютадағы Baa2 деңгейіндегі ұзақ мерзімді инвестициялық эмитент рейтингісін берді.

Fitch агенттігінің салыстырмалы шкаласы бойынша бұл деңгей компанияның қолданыстағы BB+ рейтингісінен екі саты жоғары. Инвестициялық рейтинг компанияның тұрақты қаржылық жағдайын, нарықтағы берік ұстанымын және Қазақстанның энергетика жүйесіндегі стратегиялық рөлін көрсетеді.

Сонымен қатар, Moody’s қолайлы реттеуші ортаны, тарифтік саясаттың болжамдылығын, электр энергиясына сұраныстың артуын және генерациялау қуаттарының тапшылығы сақталғанын атап өтті. Бұл факторлар компанияның одан әрі өсуіне қолайлы жағдай қалыптастырады.

Агенттік «Самұрық-Энерго» АҚ активтерінің ауқымы мен әртараптандырылуын жоғары бағалады. Компания еліміздің белгіленген электр қуатының шамамен үштен бірін қамтамасыз етеді, ол Қазақстандағы су электр станцияларына иелік ететін ірі ұйым әрі жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды дамытып, энергетикалық нысандарды жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: