Главная Новости Мұнай саласымен біте қайнасқан отбасы
13 қыркүйек 2021, 11:25 1230

Мұнай саласымен біте қайнасқан отбасы

Мұнай саласымен біте қайнасқан отбасы

Қыркүйектің бірінші жексенбісінде мұнай-газ кешенінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мамандығына берілген жандар өндірісті саналы түрде таңдайды және өмір бойы сол таңдауынан танбайды. Мұнда олар өз білімдері мен дағдыларын жетілдіреді, отбасын құрады және алған тәжірибесі мен еңбек дәстүрлерін мұра ретінде ұрпағына қалдырады. «ҚазТрансОйл» АҚ-та 7 мың қызметкер жұмыс істейді. Компанияның үлкен мақтанышы - еңбек династиялары, өйткені олар компанияның мықты іргетасын қалап, әрі корпоративтік рухты нығайтады.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамында Сақауовтар отбасының екі ұрпағының еңбек үлесі бар. Ақсисен Сақауов жұбайы Оңай Тінеевамен бірге мұнай құбыры саласында 1958 жылы еңбек жолдарын бастаған. Олардың жолын бүгінгі күні ұлы Смағұл Мұхамбедияров жалғастырып келеді.

Династия басындағы Ақсисен Сақауов еңбек жолын 22 жасында №3 Мұнай айдау станциясында жұмысшы болып бастап, желілік мұнай құбыршы, опертаор қызметтерін атқарған. 1967 жылы «Мақат» мұнай айдау станциясына ауыстырылады. Өндірістен қол үзбей жүріп, жоғары техникалық білім алды. 1968 жылы Сағыз кәсіпшілігі маңындағы Батыс Қазақстан магистральдық мұнай құбыры басқармасына қарасты су айдау станциясына басшылыққа жіберіледі. Талапты жастың тыңғылықты жұмысын, қарамағындағы қызметкерлермен тіл табысуы, өзіндік талабымен сол кездегі басқарма басшыларының көзіне түседі. 1980 жылы Ақсисен аға «Мақат» мұнай айдау станциясының бастығы қызметіне тағайындалады.

«Ақсисен Сақауов өте жайлы адам болатын. Станция ұжымын тез баурап алды. Бәріне өз ісімен үлгі көрсететін, – дейді магистарльдық мұнай құбыры саласының ардагері, 1982-2012 жылдары «Мақат» МАС бастығы болған Қожағұл Еркетанов естелігінде. – Мен ол кезде станцияда механик болып қызмет еттім. Әр жұмыс басталарда мамандармен ақылдасатын. Сосын барып шешім қабылдайды. Мұнай құбыры саласына сай жаралған жан еді. 10 бала тәрбиелеген көп балалы отбасы болды. Жұбайы Оңай бұрын су станциясында  еңбек еткен, ер жеткен ұлы Смағұл Мұхамбедияров әскер қатарынан келісімен желілік құбыршы болып жұмысқа тұрды. Жұбайы Оңай 10 балам бар анамын деп ешқашан міндетсінген емес. Машинист болып ерлердің жұмысын атқарды, үйде бала тәрбиесімен айналысты, станцияға келетін басшыларды дастархан жайып күтіп алатын. Себебі, станция басында қонақ үй жоқ. Басшылықтан немесе көмекке келген мамандар Сақауовтардың үйіне түсетін. Үлгі алатын үлкен отбасы еді.  Өкініштісі, Ақсисен Сақауов 1982 жылы кенеттен жол апатына ұшырап, көз жұмды».

«Батыр Ана» Оңай Тінеева бүгінде 82 жаста. 10 баладан өрбіген немере-жиендер, шөберелердің алдында ардақты әже. Еңбек жолын 1968 жылы жолдасымен бірге су айдау станциясында   бастады. Кейін 1980 жылы «Мақат» мұнай айдау станциясында технологиялық сорғылар машинисі болып еңбек етті.  1990 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жолдасы қайтыс болған соң, отбасындағы барлық ауыртпашылық осы кісінің мойнына жүктелген.  Барлық қиындықтарға қайыспай, балаларын тәрбиелеп өсірді.

«Осыдан 40 жыл бұрын темір жол эстакадасынан цистерналарға (сыйымдылықтар) мұнай құятын сорғылар дизельді болатын. Оны қосу мен ажырату қол күшімен атқарылады.  Цистерналарға мұнайды құю қиын еді. Арнайы киім де сапалы емес. Эстакаданың аумағы көбіне балшық, қыста тайғақ болып жатады. Цистернаға мұнай құйғанда оның деңгейін басында адам қарап отыруы тиіс. Арнайы көрсететін датчик жоқ ол кезде. Кейде мұнай цистернаға толып, сыртқа төгілетін жағдайлар болатын. Мұнай төгілген топырақты қырып тазартып аламыз. Оған да күш керек. Солай жұмыс істедік», – деп еске алады мұнай тасымалы саласының ардагері Оңай Тінеева.  

Әке-ана жолын жалғастырған Смағұл Мұхамбедияров 20 жасынан «Мақат» мұнай айдау станциясында желілік құбыршы болып 2016 жылға дейін қызмет етті. Бүгінгі күні Батыс операторлық қызметтер басқармасына қарасты №3 мұнай айдау станциясының желілік-пайдалану учаскесінде желілік мұнайқұбыршы болып жұмысын жалғастыруда. Мұнай құбыры саласындағы сіңірген еңбегі ескеріліп, Қазақ мұнайының 100 жылдығына орай мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» меделін иеленді. 40 жылдық еңбек өтілі бар  ол мұнай құбырының майталманы атанған маман. Соңынан ерген буынды тәрбиелеп жүр.

«Мен үшін мұнайқұбыршылар династиясы жолын жалғастыру үлкен құрмет. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, шынымды айтсам 40 жыл жұмыс кезінде бірде бір рет сырқатыма байланысты жұмысқа шықпау деген болмапты. «ҚазТрансОйл» АҚ маған және менің әріптестеріме тұрақтылық пен қызметтік баспалдақпен өсу мүмкіндіктерін береді», – дейді Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы №3 мұнай айдау станциясы желілік-пайдалану учаскесінің желілік құбыршысы Смағұл Мұхамбедияров.

Айтқандай-ақ, Сақауовтар әулетінің кенжесі Асқар мұнай  саласында, қалған ұрпақтары мәдениет, спорт және мемлекеттік қызметте елге қызмет етіп жүр. Оңай әже шөберелері де ата жолын жалғастырады деген сенімде. Әулетті жалғастырушылар өзі ісіне адал, қай саладағы болмасын мамандықтарына берілген жандар. Осындай жауапкершілікті сезінген әулет өндірістің алға басуына, елдің дамуына бірден бір кепіл боларына сенімдіміз. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: