Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясындағы құрылғанына бір жарым жылдай уақыт қана болған "Мұнайлы өлке" қайырымдылық қоры бүгінде 37 отбасыға 4 млн теңгеге жуық қаржының жәрдемін жасап үлгерді. Кәсіпорындағы корпоративтік басылыммен үндес атау алған қорға, жанашыр азаматтар айына 1000 теңгеден салуды әдетке айналдырған.
"Мұнайлы өлке" өкілдері маусым-шілде айларында тағы да екі отбасының тауқыметіне ортақтасқандарын айтады. Бірі - Компаниядағы әріптестері, ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған ана Гүлиям Кощибековаға перзентінің еміне 200 000 теңге көлемінде қаржылай демеу табысталған.
3 бала тәрбиелеп отырған жесір ана Дина Утарбаева апаның болса, балаларының үлкені Бақберген туабітті жүрек ауруына шалдыққан. Арнайы күтімді қажет етеді. Жолдасы 2012 жылы бақилық болған. Меншіктерінде баспаналары жоқ, бүгінде Батыр ауылында 1 бөлмелі жалдамалы үйде күнелтуде.
Дегенмен апаның Батыр ауылының көшелерінің бірінен салынып жатқан үйі бар екен. Дәл қазір Ар-Раһман мешіті жамағатының көмегімен қабырғалары көтеріліп, төбесін жабатын тұсқа келіпті. Қорға хабарласқандағы өтініші де осы болған. Періште балаларының несібесі болар, өтінішін қабыл алынып, шығындар жылдам есептеліп, нәтижесінде 448 000 теңгеге шатыр құрастыруға қажетті барлық құрылыс бұйымдары алып берілген.

"Мұнайлы өлке" өкілдері Қорға салымшы болып үлгермеген басқа да әріптестерін қатарға қосылуға, жақсылыққа асығуға шақырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы