Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақ күресі бүгінде қарқынды дамып келеді. Осы орайда халқымыздың төл белдесуінен көптеген жүлденің иегері Қарағанды мұнай құбыры басқармасы «Атасу» бас мұнай айдау станциясында электр монтері болып еңбек ететін Ақсұңқар Нұркеев «Қазақстан барысы» жарысында қарсылас қаратпауға дайын. Дегенмен... сәл әріден тарқатсақ.
Жаңаарқа ауданының тумасы Ақсұңқар 1990 жылы дүниеге келген. Жасынан күреске жаны жақын ол бала күнінен бозкілемге шығып, ауыл, аймақ деңгейіндегі жарыстарға қатысып жүрген. Жеңіс тұғырынан көрінген. Алайда қазақша күреспен 19 жасынан бастап шындап айналысып, байрақты бәсекелердің шыңдарын бағындыра бастаған екен.
Осы күнге дейін көптеген ірі турнирлерде алтыннан алқа таққан спортшылардың бірі. Мәселен ол жыл сайын Қарағанды облысында бұқаралық ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін «Сарыарқа» спартакиадасының қазақша күрестен жеті дүркін чемпионы екен. Аталмыш спорт додасы ауылдық, аудандық және облыстық болып бөлініп үш кезең бойынша өтеді. Мысалы, былтыр үш кезеңге сегіз мыңдай спортшы қатысса, облыстық ақтық кезеңде сегіз жүздей спортшы бақ сынаған. Осыншама «сен тұр, мен атайын» жүйріктердің арасында Ақсұңқардың табылып қана қоймай, жүлделі орыннан көрінуі оның шеберлігін паш етіп тұрғаны анық. Сонымен қатар ол әр жылдары «Сарыарқа барысында» бақ сынап, Павлодарда өткен самбо күресінен де екінші орын иеленген екен. Айта берсек, алған марапаттары жетерлік.
«Қазіргі күні Қарағанды облысында күрес федерациясы екі клубқа бөлінді. Біздерді іріктеп, жарыстарға жіберіп отырады. Жылына 4-5 іргелі турнирлерге қатысамыз. Мәселен, былтыр қазақша күрестен Қазақстан Республикасының конфедерация кубогінде командалық есепте үшінші орынды қанжығаладық. Сегіз салмақ дәрежесі бойынша он төрт облыстың палуандары қатысқан жарыстың іріктеуі Астана, ал ақтық сайыстар Алматы қаласында өтті. Мен 90 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынадым», - дейді Ақсұңқар Нұркеев.
Қарағанды облысының намысын республикалық сайыстарда абыроймен қорғап жүрген кейіпкеріміз «ҚазТрансОйл» компаниясының атынан да кез-келген күреске түсуге әзір екенін айтады.
«Біздің компаниямызда жыл сайын спартакиада ұйымдастыралады. Ол құптарлық іс, - дейді ол. – Сол спартакиадаға қазақша күресті неге қоспасқа деген ойдамын. Себебі қазір еліміз бойынша ұлттық спорт түрлеріне баса мән берілуде. Мәселен, жыл сайын республикалық деңгейде «Әскер барысынан» жүлделі орын алған екі палуан «Қазақстан барысына» жолдама алады. Ал жақында Қарағанды қаласында да ERG жұмыскерлері (шахтерлер, металлургтер) арында осындай арасында жарыс өтті. Оның жеңімпаздары да «Қазақстан барысына» жолдама алады. Мұнай-газ саласы компаниялары арасында да осындай жарыс өтіп, жүлдегерлер «Қазақстан барысына» жолдама алып жатса нұр үстіне нұр ғой».
Ақсұңқардың алар асулары әлі алда. Отызды бетке алған әріптесімізді алдағы күндері «Қазақстан барысы» секілді іргелі жарыстардан да көреміз деген үміт зор.
Бейбіт БӨЖЕНОВ


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете