Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбаста ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның 35 жылдығына арналған спорттық іс-шаралар мәреге жетті.
Екінші вахта ауысымның жұмысшылары тартысты ойын көрсетті. Олар шағын футбол мен теннис жарыстарында бағы мен бабын сынға салды.
Мұнайшылар өз цехтары мен бөлімдерінің намысын қорғау жолында күш-жігерін аямады. Олар жеңіс туын қолдан бермеу үшін намысқа тырысты. Екі күнге созылған теннис турниріне 20-ға жуық қатысушы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу бөлімінің слесарі Бекзат Шадкам жеңімпаз атанды. Екінші орынды күрделі құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Еркінбек Жолдыбаев, үшінші орынды Технологиялық көлік басқармасының жүргізушісі Берекет Отарбаев иеленді.

Шағын футбол турнирі де тартысқа толы болды. Жеңіс жолында 9 команда тамаша ойын көрсетті. Жартылай финалда бу өндіру цехы, технологиялық көлік басқармасы, №3 мұнай өндіру цехы, бұрғылау және ұңғымаларды жер асты күрделі жөндеу басқармасы командалары кездесті. №3 МӨЦ мен БӨЦ арасында өткен финалдық кезеңде №3 МӨЦ командасы жеңіске жетті.
Ойын кезінде ерекше белсенділік танытып жеңіске ұмтылған екінші вахта ауысымының жұмысшыларын ҚБМ басшылығы салтанатты түрде марапаттады. Оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

107
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
305
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
149
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету