Главная Новости Мұнайшының батылдығы екі жасөспірімнің өмірін сақтап қалды
13 мая 2026, 13:30 35

Мұнайшының батылдығы екі жасөспірімнің өмірін сақтап қалды

Мұнайшының батылдығы екі жасөспірімнің өмірін сақтап қалды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы №1 мұнай-газ өндіру цехының слесарь-жөндеушісі Жазмұрат Қанатов суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды.

 

Сол күні әріптесіміз отбасымен бірге теңіз жағасында демалып жүрген. Кенеттен балалардың көмек сұраған дауысы естіліп, екі жасөспірімнің суға кетіп бара жатқанын көреді. Жазмұрат еш ойланбастан суға секіріп, толқынмен арпалысып жатқан балаларды жағаға қарай алып шыққан. Жағадағы азаматтармен бірге жедел алғашқы көмек көрсетіп, жасөспірімдердің өмірін аман алып қалады. 

Жазмұрат Қанатов 2013 жылдан бері «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясында еңбек етіп келе жатқан өз ісіне адал маман. Бүгінде ол бес баланың әкесі. Мұнайшы өз әрекетін ерлік деп санамайды.

Ең бастысы — балалардың аман қалғаны. Мұндай жағдайда кез келген ер азамат құтқаруға ұмтылар еді, — дейді ол.

Жазмұрат бұл оқиғадан кейін жүзе білудің маңызын түсінгенін айтады. Ол кезінде «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы ұйымдастырған бассейн сабақтарына қатысып, жүзуді меңгерген екен. Бүгінде сол дағды бір емес, екі баланың өмірін сақтап қалуға себеп болды.

Каспийдің жағасында тұрған соң жүзуді білу өте маңызды. Өз балаларымды да кішкентайынан жүзуге баулып келемін. Қазір олар түрлі жарыстарға қатысып жүлде алып жүр, — дейді әріптесіміз.

Шынында да, кейде адам өмірін сақтап қалатын нәрсе — дер кезінде үйренген бір дағды, бір шешім, бір батыл қадам болуы мүмкін. Жазмұрат Қанатовтың  әрекеті — адамдық борыштың биік үлгісі. Оның ерлігі көпшілікке ой салары анық. Себебі қоғамның күші — осындай жүрегі мейірімге толы, қауіптен тайсалмайтын азаматтарында.

Жазмұраттың әрекеті — жоғары жауапкершіліктің, батылдық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі. Осындай азаматтардың арқасында қоғамда өзара жанашырлық пен сенім нығая түседі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: