Главная Новости Мұнайтелеком техникалық супервайзинг қызметін көрсетеді
23 шілде 2019, 14:12 2880

Мұнайтелеком техникалық супервайзинг қызметін көрсетеді

Мұнайтелеком техникалық супервайзинг қызметін көрсетеді

Цифрландыру, күнделікті қызметке қазіргі заманның озық технологияларын енгізу. "Мұнайтелеком" компаниясы өткен апта Ақтау қаласында өткізген "Ақпарат күнінде" сөз болған басты тақырып осы болды. Сонымен қатар, шара аясында, жаңа спорт залының тұсауы кесілді деп хабарлайды SK News тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қолдауымен ұйымдастырылған, мұнай саласы кәсіпорындары түгел жиналған басқосуда көп жақсы жаңалықтар айтылды.

Мәселен, "Мұнайтелеком" ЖШС бас директоры Ербол Мұқашевтің сөзінше, мекеме бүгінгі таңда бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу деректерін өңдеу, электрондық құжат айналымын пайдалану арқылы бизнес-үдерісті автоматтандыру бағыттарына мұқият ден қойған. Бұл ретте Компания биыл "Documentolog" ЖШС-мен ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойып, батыс өңірі бойынша ресми өкілі атанған.

Сонымен бірге, өндірісті қашықтықтан басқару, мұнай кен орындарын игеруді басқаруды сандық жүйеге көшіру жобалары қолға алынған.

Арнайы техниканы, жалпы құрал-жабдықты тиімді қолдану мәселесінде отандық "Ембімұнайгаз", ресейлік "Татнефть" сияқты маңдайалды компаниялардың іс-қимылына көңіл бөлінуде екен. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен өңірдің жер қойнауын пайдаланушылардың арасында тәжірибе алмасу да еш өзектілігін жоймақ емес.  

 "Анығы, тың да тиімді шешімдерге, жаңа идеяларға әрдайым әзірміз", - деген Ербол Мұқашев әріптестеріне еселі еңбектері үшін зор алғысын білдіріп, кәсіптеріне жеміс тіледі.     

Кездесу барысында "ҚМГ- Инжиниринг", "Маңғыстаумұнайгаз", "Өзенмұнайгаз", "Қаражанбасмұнай", "Емир-Ойл", "BUZACHI OPERATING LTD", "Ойл Транспорт Корпорейшэн", "Oil Services Company", "Oil Construction Company", "Маңғыстауэнергомұнай", "ТұлпарМұнайСервис", "Кен-құрылыс-Сервис", "Бұрғылау" сынды компаниялардың өкілдері ойларын ортаға салып, талқылауға қатысты.

 "Біз техникалық супервайзинг қызметтерін көрсететін боламыз. Бұл тапсырыс берушіге ұңғыма ішіндегі жөндеу жұмыстарына жұмсалатын уақытты оңтайландырып, қолданыстағы ұңғымалардың мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға, тиімсіз мердігерлер бригадаларын анықтауға мүмкіндік береді. 

Пилотсыз ұшу аппараттырын қолдана отырып, мұнай кен орындарының мониторингін жасау жоспарланған. Олар тәуліктің кез-келген уақытында нақты тәртіпте бейнесуретті жіберу арқылы бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл қажетті аумақты заң бұзушылардан қорғауды қамтамасыз етіп, түрлі нысандардың құрылысын бақылауға жол ашады", - деді Ербол Мұқашев. Компания 2020 жылға дейін геологиялық карта және топографиялық жоспар сынды картография өнімдерін дайындауды да мақсат тұтуда.

"Мұнайтелеком" ЖШС қызметінің негізгі мақсаты Маңғыстау облысының экономикасын, мұнай өнеркәсібіндегі ұйымдарды тұрақты байланыспен қамту болып табылады. Телекоммуникация, өлшеу құралдары, автоматтандыру-телемеханика және көлік құралдарын жерсеріктік қашықтықтан басқаруды қамтамасыз ету, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы, метрология, стационарлық және жылжымалы радиобайланыс, кабельдік телевидение, өнеркәсіптік жабдықтарды орнату саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі.

Жоғары білікті кадрлық әлеуетке, технологиялық қуатқа ие. Ақтау қаласына, "Қаламқас", "Жетібай", "Асар", "Қаражанбас" және "Өзен" кен орындарына қызмет көрсетіп, бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіруде.

 "Біз елдімекендердің, адамдардың өзара байланысының маңыздылығын жақсы түсінеміз. Бұл тұста әлемдік үрдістерді қырағы бақылап, ең жақсысын мұнай және газ өндірісіне енгіземіз. Нәтижесінде өнім сапасы артып, жұмыс жетіледі, еңбек ету жағдайы жақсарады. Бүгін жарияланған ақпарат баршаңызға пайдалы болды деп ойлаймын. Бірге өсіп, өрлейік!", - деп қорытындылады телекоммуникациялық оператор жетекшісі.

Түбек өмірінде жарты ғасырдан астам бай тарихы қалыптасқан "Мұнайтелеком" ЖШС, бизнесті дамытудан басқа, өзінің білімі мен күш-жігерін, қабілетін кәсіпорынның гүлденуіне жұмсай алатын жас қызметкерлерді биік белестерді бағындыруға тартуда. Ал, бұл, еліміздегі Жастар жылында айрықша маңызды екені аян.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: