Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
22 тамыздан бастап Өзбек темір жолы құрастырған Нүкіс-Маңғыстау бағытындағы мемлекетаралық №649/650 пойызы жүре бастады. Алғашқы пойыз түбек теміржолының Маңғыстау станциясына 23 тамыз күні келіп тоқтады. Көрші елден жеткен жаңа жолаушылар көлігін жергілікті жұртшылық пен теміржолшылар құрмет-қошеметпен қарсы алды.
Пойыз Қарақалпақстанның басты қаласы - Нүкістен 22 тамыз күні кешкі сағат 20:16 уақытында қозғалып, Маңғыстауға ертесі күні сағат 17:14- те жетті. Екі ел арасындағы қашықтықты жақындатқан пойыз небәрі 21 сағатқа жуық жол жүріп, Маңғыстау мен Нүкісті байланыстырады. Бұл пойыз осы екі аралықтағы жеті жүз шақырымға жуық аумақта тоғыз рет қана тоқтайды. Соның ішінде ең көп тұратын аялдамасы Қарақалпақстан мен Бейнеу станциялары. Айта кетсек, пойыз аптасына үш рет қатынайды.
Ал Маңғыстаудан кері бағытта кешкі сағат 18:54-те жолға аттанып, келесі күні түсқайта жетеді. Билет құны плацкарт вагондары үшін 18 243, купе вагонында 32 262 теңге. Қазірдің өзінде бұл бағытқа сұраныс жоғары сияқты. Өйткені бірінші келген пойызға билеттер түгел сатылып кеткен. Кері қайту бағытын да жолсапардан бір күн бұрын қарағанымызда небәрі 30-40 орын қалған екен.
– Аталған пойыз бізге өз уақытымен келді, барлығымыз қазақи дәстүрге сай жолаушылары мен жолсеріктерін құрметтеп қарсы алдық. Күтіп алуға Батыс жолаушылар тасымалының, Маңғыстау қосалқы бөлімінен, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінен және вокзал қызметкерлері, жергілікті әкімдік өкілдері барлығы қатысты. Бұл пойызға билеттер тамыздың басынан сатыла бастаған еді. Онда 1 купе, 7 плацкарт вагоны бар. Бұрын Маңғыстаудан Нүкіске баратын халық үшін мұндай мүмкіндік болмаған. Енді тікелей баратын пойыз ашылып, жолаушылар уақытын үнемдеп, пойыздан пойызға не таксиге мініп жүрмейді, артық әуреге түспейді. Сондықтан жолаушлыр үшін біз де қуаныштымыз, өзбекстандық әріптестеріміздің ісіне сәттілік тілеп, өзіміздің риясыз көңілімізді білдіріп, шығарып салдық, – дейді «Маңғыстау» вокзалының бастығы Айгүл Амирова.
Шахида Жұман
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
135
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»