Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Елімізде құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Отырыста Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған тәсілдерді қолайтындығын айта келе бірқатар мәселеге назар аудартты.
«Бірінші. Жаңа тәсілдерді тиімді іске асыру үшін тиісті заңнамалық түзетулерді тездетіп қабылдау керек. Индустрия министрлігіне осы жылғы 25 наурызға дейін тиісті заң жобасын Үкіметке енгізуді тапсырамын. Заңнамалық түзетулерді қабылдағаннан кейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына да тиісті өзгерістер енгізу қажет», – деді Асқар Мамин.
Премьер-Министр екіншіден, барлық өңірлердің әкімдіктері бөлінетін қаражатты биыл толық игеріп, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша барлық көрсеткіштерге қол жеткізуі қажеттігін ескертті.
«Өңірлерде құрылыс маусымын уақтылы бастаудың маңызы зор. Жер учаскелерін уақтылы бөлу және оларға қажетті инфрақұрылымды жеткізіп, тиісті жобалық құжаттаманың дайын болуын қамтамасыз ету қажет. Үшінші. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өскен сайын құрылыс материалдарына қажеттілік те артады. Осы ретте, отандық құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі белсенді дамыту керек. Мысалы, жеке инвесторлардың есебінен жалпы құны 63 млрд теңгеден асатын бірнеше жобалар іске асырылатын болады», – деді ол.
Үкімет басшысы сэндвич-панельдер, конструкциялар, қасбеттік плиталар, жылу оқшаулау материалдарын өндіретін жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.
«Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Индустрия министрлігіне «Самұрық-Қазына» холдингімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, осы жылғы 15 наурызға дейін Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын Үкіметке енгізуді тапсырамын», – деді Премьер-Министр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
81
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
87
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы