Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтөбедегі теміржолшылар мұражайы – өңірдегі келушісі көп мәдени орындардың бірі. Әсіресе, шағын тепловоздар макетін тамашалауға асыққан оқушылар көп.
Ақтөбе теміржолына қарасты мұражай Батыс Қазақстан темір жолының қалыптасуы мен дамуын көрсету мақсатында 1989 жылы ұйымдастырылған. Онда ғасырдан сыр шерткен құнды жәдігерлер, яғни 380-нен аса құжаттар мен экспонаттар бар. Төрт залдан тұратын мұражайдың бірінші залынан тәуелсіздікпен келген темір жолдың жаңа технологиялық даму жылдарын көруімізге болады. Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, Шалқар – Тассай учаскесі және 2014 жылы салынған Алтынсарин – Хромтау теміржол желілерінің макеттері қойылған. Әрі қарай құжаттар залы, теміржол бөлшектері, тағысын тағы дүниелер.
Тегін экскурсия жасауға мүмкіндік туғызған мұражай меңгерушісі Анар Жұбаева тарихи орталықтың ерекшеліктерімен таныстырудан жалыққан емес. Мұражайға бас сұққанымызда осындай экскурсиялардың бірінің куәсі болдық. Қазақ жеріне алғаш келген паровоз бөлшектері, теміржол құрылысына, жөндеу жұмыстарына пайдаланылған әртүрлі бұйымдарды таныстырып шықты.
Жасөспірімдер тепловоз, вагондардың шағын макеттерімен суретке түсіп, ескі бөлшектер туралы көбірек сұрады. Балалардың тарихқа қызығушылығы байқалады. Батыс Қазақстан картасындағы пойыз жолдары, станциялардың жұмысы туралы ақпаратты қызыға тыңдады.
«Теміржолшы болу үшін қайда оқу керек?», «Олар көп жалақы алады ма?», «Машинистер барлық қалаларды аралайды ма?» деген секілді өздері қызыққан сауалдарын қойып, жылжымалы құрамды жүргізген машинист мамандығы туралы көп білгілері келетінін байқатты. Мұражайдағы станция қоңырауын соғып, теміржолшылардың тек пойыз жүргізушісі емес екендігі туралы қызықты ақпараттарға қанықты.
Ардақ Ерубаев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы