Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Еңбек ету қашанда береке мен ырыздықтың бастауы саналады. Дана халқымыз айтқандай еңбек еткеннің өнбегі артып, мансабы мен беделі өседі. Бүгінгі кейіпкеріміз «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы №1 цехының операторы Мұратов Қайрат осындай еңбекқор адам десек еш қателеспейміз. Жастайынан Жетібай кенорнында еңбекке араласқан ол, бүгінде әріптестеріне үлгі болып жүрген азаматтардың қатарында.
Қайрат Мұратов 1975 жылдың 1 қыркүйегінде Маңғыстау мұнайының қара шаңырағы - Жетібай ауылында туған. Әкесі Қуаныш пен анасы Сәнбибі Жетібайдағы Автобаза жұмысшылары еді ол кезде. Балғын бала кезінен Жетібай кенорнын игеріп ерен еңбек еткен мұнайшылардың кәсібіне қызыққан Қайрат, 1992 жылы мектеп бітірісімен, Ақтау қаласындағы №1 орта кәсіптік-техникалық училищесіне оқуға түседі.
Училищені 1993 жылы бітіріп «Маңғыстаумұнайгаз» мекемесіне жұмысқа орналасады, содан бері Жетібаймұнайгазда оператор қызметін атқарып келеді. Еңбектен қол үзбей жүріп, 2002-2008 жылдар аралығында Қайрат Мұратов Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемелекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Мұнай газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша сырттай оқып бітірді. Еңбегі еленген Қайрат «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасының, Кәсіподақ комитетінің, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының көптеген алғыстарымен марапатталған.
Адал еңбек еткен адамның – өмірі ғибрат.
«Ұжымымыз ұйымшыл, әріптестерім тәжірибелі, білікті мамандар. Еңбегінің жемісін көріп жүрген бақытты жандардың бірімін деп есептеймін өзімді, тағдырыма ризамын», – дейді мұнайшы аталғанына 30 жыл болып қалған Қайрат.
Қайрат Мұратовтың үйі Жетібай ауылында, жұбайы Жанар Құтжанова екеуінің үш қыз, екі ұлы бар. Екі қызы тұрмыста, ұлдарының үлкені Айбек әке жолын қуған мұнайшы – «ОСК» ЖШС мекемесінде бұрғышы көмекшісі болып жұмыс жасайды, кіші қызы мен кенже ұлы мектеп жасында. Ата-әже атанған Қайрат пен Жанардың үш немересі мен бес жиені бар.
Сонау бала кезінен еңбекке бейімделген Қайрат Мұратов жұмыстан бос кезінде де қолын қусырып қарап отыра алмайды екен. Ауа-райы жайсыз Жетібай жерінде бағбандықпен айналысқан Қайрекеңнің үйінің ауласында 50 шақты жеміс ағаштары егілген: өрік, алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, малина жайқалып өсуде.
Қайрат Мұратовтың тағы бір жақсы көретін ісі – құсшылық, атап айтқанда – көгершін өсіру!

«Көгершін бағу жаныма жайлы нәрсе. Көгершіндердің топырлай ұшып ойнағандарын көру мен үшін бір ғанибет. Түрлі түсті құстың қызығын бақыласам, шаршағаным басылады, уақыттың қалай өткенін де байқамай қаламын. Оларға қарап миың сергейді. Жұптасып ұшқанын көріп-ақ ләззат аласың», – дейді Қайрат көгершін құсына деген мейірімін жасыра алмай.
Бала күнінде жалғыз көгершін асыраудан басталған қызығушылық, күні бүгінге дейін тоқтамапты. Қайрат Мұратовтың құс сарайындағы 50-ден астам бакулық, ирандық тұқымды көгершіндер бүгінде иесінің әсем серіктеріне айналған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
225
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи