Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақта «Адамды істі қалай бaстағанына қарап емес, қалай аяқтағанына қарап бағала» деген сөз бар. Жүрген жерінде жалаулатып, көпке жария қылмай-ақ шаруа тындырып жүретін адамдар болады. Мейлі өндірісте, мейлі қоғамдық жұмыста, жоқ бизнесте болсын ондай адамдардың өзгелерден қашан да шоқтығы биік тұрады. «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, кешенді мұнайды дайындау және өткізу цехының аға шебері, нағыз істің адамы деп деп көрсететін жандардың бірі – Әбдіжәміл Құсбеков.
Әбдіжәміл Құсбеков Шайыр ауылында 1977 жылы 8 ақпанда туған. Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ қарасты кешенді мұнай дайындау және өткізу цехында 3-дәрежелі сораптар технологиялық машинисі болып бастайды.
«Еңбекке ерте араластым. 9 сынып оқып жүргенімде анам дүниеден озды. Артымнан ерген кішкентай бауырларымды жетілдірсем деген оймен Өзен техникумына оқуға түстім», – дейді Әбдіжәміл Құсбеков.
19 жасында Қаламқасқа келген бозбаланың өндірістің машақаты мен тікеңнен тік тұрып істейтін жұмыстың ауыртпашылығы алғашында оңайға соқпағаны рас. Қандай қиындықты да қайсарлықпен ноқталаған жас маман, бауырларының бақуатты тұрмысы үшін қай істі қолға алса да, зор жауапкершілікпен, зор ықыласпен жасады. Ысылды, тәлім-тәжірибесі молайды. 4-дәрежелі тауар операторы, 5-дәрежелі тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғы операторынан КМДжӨЦ-нің шеберіне дейін өсті.
«1 ауысымда 65 адам жұмыс істейді. Тәулігіне 10 мың тонна мұнай дайындайтын цехта еңбек етіп келе жатқаныма 30 жылға жуық уақыт өтіпті. Өмірімнің тең жартысы өндірісте өтті, кен орнының көз алдымда өзгергенінің куәсі болдым. Жақында УПН-3 жаңа қондырғысы іске қосылғалы жатыр. Бұл да бір қуаныш», – деп кен орнының бүгінгі бейнесіне көңіл тоқтығын білдірді.
Әбдіжәміл Құсбеков жұмыста майталман маман болса, отбасында өнегелі әке. Бүгінде үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсіріп отырған ол бала болашағының баянды болуына үлкен көңіл бөледі.
«Өмірлік ұстанымым – ұл-қыздарыма дұрыс тәрбие беру, жақсы білім алуына жағдай жасау, адал еңбекпен абырой жию.Үлкен қызым Ақтөбе қаласындағы медицина университетінің 2-курсында оқиды. Болашақта ұл-қыздарымның мұнай саласынан өзге мемлекеттік қызмет бағытында білім алып, еңбек еткенін жөн көремін», – дейді әке көңілі. Өндірісте өз жолын тапқан Әбдіжәміл Құсбеков қоғам өмірінің сан-саласында ұрпағының да үлесі болғанын қалайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
25
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде