Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа оқу жылынан бастап Шахмардан Есенов атындағы университет және колледж студенттері Қаражанбас кен орнындағы тәжірибеге бағытталған оқытуды жалғастырып жатыр. Олар өндірістік қызметпен танысып қана қоймай, қосымша кәсіби құзыреттерді де меңгереді. Жоба «Қаражанбасмұнай» АҚ мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып келеді.
Имамәди Ғабитов «Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша колледждің 4 курсында оқиды. Қаражанбастағы тәжірибе арқасында ол, өндіріс тынысын толық меңгеріп алған. Тәжірибеден өтуші бір жылдан бері ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстар цехында техникалық талдау зертханашысы болып еңбек етеді.
Қаражанбаста білімі мен тәжірибесін нығайту арқылы Имамәди химиктер арасындағы «Worldskills» халықаралық кәсіби шеберлік байқауында жеңіске жетті. Бұл жетістікке оның цехтағы тәлімгері – тәжірибелі маман, ҒЗӨЖЦ зертханасының меңгерушісі Бақытгүл Сағындықованың қосқан үлесі орасан зор.
«Жарысқа студенттер ғана емес, ірі компаниялардың қызметкерлері де қатысты. Мен ҒЗӨЖЦ-де тәжірибеден өткенімнің арқасында берілген тапсырмаларды тәжірибелі шеберлермен тең дәрежеде орындай алдым. Еліміздің ең ірі кен орындарының бірінде білімімді шыңдап, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Тәлімгер және цехтың басқа да қызметкерлері көмектесіп, үйреткенінің арқасында біз берілген жұмыстарды өзіміз орындай аламыз. Болашақта өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасу оңай болады деп ойлаймын», – деді Имамәди Ғабитов.

Тәжірибеге бағытталған оқыту бағдарламасына мұнай өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, электромонтер, слесарь, инженер- технолог және т.б. мамандықтар бойынша 3,4 курс студенттері қатысады. Тәжірибе аяқталғаннан кейін олар өздерінің алғашқы еңбек кітапшаларын алады.
Айта кететін жайт, ҚБМ басқа студенттер үшін де мүмкіндіктерді молайтты. Нақтырақ айтсақ, жақын арада Түпқараған аудандық гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерін кен орнындағы тәжірибеге тарту жоспарланып отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы