Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры Ли Тецян және бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев кен орнына жұмыс сапары барысында қабат суын тұшыту зауытының құрылыс барысын тексерді. Мердігер компаниялар өкілдері ҚБМ басқармасына атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысында. ҚСТЗ алаңындағы жағдаймен танысқаннан кейін, ҚБМ басшылығы жиналыс өткізіп, қалған жұмыстарды жедел әрі сапалы орындауға және іске қосу кезеңіне жоспарлы түрде көшу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Одан соң басшылық технологиялық көлік басқармасы базасына барды. Мұнда интеграциядан кейін барлық бағыттарды кезең-кезеңмен жаңғырту жұмыстары басталды. Гараждарды автобөлшектермен қамтамасыз ету мәселесі оң шешім таба бастады. Оларды жеткізу жүйесі толығымен қайта қаралды. Енді жұмысшылар кез-келген уақытта автобөлшектерді дүкен қағидаты бойынша ала алады.

«Біздің бөлімшеде көп өзгеріс байқалады. Енді біз өтінім қалдыру арқылы қажетті қосалқы бөлшектерді ала аламыз. Бұл жұмыс процесін едәуір жылдамдатады әрі жақсартады. Бұл Қаражанбастағы пилоттық жоба. Сонымен қатар, бөлшектер сапасына ерекше көңіл бөлінеді», – деп атап өтті көлік қызметкерлері.
Тағы бір жағымды жаңалық – автопаркті жаңарту басталды. Биыл бірқатар автокөлік құралдары мен арнайы техника сатып алу жоспарлануда. Өндірісті жаңғырту және еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламасын іске асыруды жалғастыра отырып, ТКБ базасындағы бірқатар автотізбектер, бокстар мен медпунктке күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуі үшін жаңа кабинет ашылды. Жұмысшылармен тілдескен басшылық бұл өзгерістердің тек басы екенін атап өтті. Белгіленген жұмыстар жоспарына көлік жүйесін жетілдіру бойынша басқа да мәселелер енгізілген. Оларды бірлесе отырып шешу қажет.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
48
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
63
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды