Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» ауылдарды «Радиокөпір» технологиясымен интернетке қосу жобасын жалғастырып келеді. Сәуірдің басында жылдамдығы жоғары интернетке Алматы облысы, Қарасай ауданының Жармұхамет кентінің тұрғындары да қол жеткізді. Бұл туралы компанияның facebook желісінде хабарланды.
Желіге қосылған ауыл тұрғындарының алдыңғы легі тіпті онлайн бизнес жүргізе бастаған. Соның бірі – Сандуғаш Әуелханова.

Ол Интернетке қосылғалы тәтті пісіретін шағын дүкенін Instagram арқылы дамытуға кірісіп кеткен. Әрі танымал фудблогерлердің онлайн курстарына қатысып, өзінің де шеберлігін шыңдап келеді. Қазір ол клиенттерімен тәулік бойы байланыста. Үйде отырып-ақ шағын өндірісін кеңейте түскен.
«Қазір пісіргенімді бірден интернет-дүкеніме де саламын. Бұл мен үшін өте маңызды, өйткені өзгенің жақсы пікірлерін оқысам, шабыттанып кетем», – дейді Сандуғаш.
«Қазақтелеком» әкелген кең жолақты интернет ауыл жастарының демалысын да сапалы ете түсті: «Қазақстан-Америка университетінің» құзырындағы колледждің 1-курс студенті Азамат Қабылбеков аға-іні, дос-жаранымен қосылып, киберспортшылар командасын жасақтап алыпты.

Олар түрліше виртуал турнирлерге қатысып жүріп, республикалық деңгейге де көтеріліп үлгерген.
Қазір 1,5 мың адам тұратын Жармұхамбетте интернетке қосылғандардың саны 300-ден асты, тағы қаншама адам өтініш беріп жатыр.
«Жаңа телекоммуникация инфрақұрылымы ауылдағы өмір сапасын жақсартады, ауыл мен қаланың арасындағы теңсіздікті жояды. Ауылдықтардың көбісі, үйінде отырып оқып, жұмыс істеп жүр, білімін жетілдіріп, пайдалы дүниемен айналысып жүр», – дейді Қарасай аудандық «Қазақтелеком» желі-техникалық цехының бастығы Шаймұрат Әуелбеков.
Ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы басталғалы, 2 жыл ішінде Алматы облысында 2,5 мың километр «оптика» тартылған. Соның арқасында өңірдің 159 ауылында 400-ден астам мемлекеттік және бюджеттік ұйым интернетпен қамтылды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете