Главная Новости "Ортеке" биі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енуі мүмкін
23 маусым 2022, 13:34 2115

"Ортеке" биі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енуі мүмкін

"Ортеке" биі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енуі мүмкін

Халық биінің үш нұсқасы бар.

Kazakh Tourism Telegram арнасының хабарлауынша, "Ортеке" қазақ халық биін ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енгізу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл іспен Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО және ИСЕКО істері бойынша ҚР ұлттық комиссиясының жанындағы материалдық емес мәдени мұра жқніндегі үлттық комитетпен бірге айналысуда. 

"Ортеке" халық биінің қуыршақ теке, жеке биші және бишілер тобы орындайтын түрлері бар.

  • Біріншісінде үстел үстіне орнатылған қуыршақ-текенің аяғы, мойны, денесі қозғалмалы етіп жасалады да, жіңішке жіптер арқылы домбырашының саусақтарына байланады. Күй тартылғанда саусақтардың жоғары-төмен қозғалуына орай қуыршақ-текенің дене мүшелері де қимылдап, күй ырғағына сай билеп жүргендей әсер тудырады. 
  • Екінші түрінде (жеке орындалуы) "Ортеке" биін алуан қимыл-қозғалыстар мен мимикалар арқылы орға түскен текенің, одан шықпақ болған нәтижесіз әрекетін бейнелейді.
  • "Ортекенің" үшінші түрін ("Соқыр теке") бишілер тобы орындайды. Мұнда жастар дөңгелене қол ұстасып, әндете жүріп билейді. Ортадағы көзі байлаулы адам шеңбердегінің біреуін ұстауға тырысады. Ұсталған ойыншы "айыбын" өтеген соң көзін байлап, ортаға шығады, сөйтіп ойын-би одан әрі жалғаса береді. 
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: