Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мұнай өндірудің негізгі құралы саналатын ұңғыма бұзылған жағдайда алғашқы болып жәрдемге асығатындар – жер асты және күрделі жөндеу тобы. Олар кен орнының үздіксіз жұмыс істеуіне бірден-бір кепіл болатын мамандар. Жөндеу бригадасының «алтын қолы» арқасында ұңғылардың жаңа тынысы ашылып, жұмысын жалғастырады. Сондай мамандардың бірі – Қаражанбас кен орнын игеруге атсалысқан «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС жер асты және күрделі жөндеу цехінің аға шеберін Мұхамедин Сарқұлов.
Мұхамединнің өнегелі еңбек жолы осыдан 40 жылға жуық уақыт бұрын басталды. Ол кезде Қаражанбас кен орнында бар болғаны 12 ұңғы мұнай өндіріп тұрған. «Ол жылдары жөндеу бригадасы ұңғыға трактормен жетем дегенше бір күн кететін еді, қазір жағдай жақсарып, бұл жолды 1-2 сағатта жүріп өтеміз» деп еске алады аға шебер.
«Қаражанбасқа келгенде жиырмадан жаңа асқан жас жігіт едім. Ол уақытта қызметке деген құлшыныс бөлек болады ғой. Бәрін көріп, үйренгің келіп тұрады. Соның арқасында кен орнының қалың балшығын да кешіп өттік. Кен орнында қазіргідей жағдай болмаса да, еңбек етуді тоқтатқан емеспіз», – дейді Мұхамедин Сарқұлов.
Өмірін өндіріске арнаған кейіпкеріміз «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС-де машинист, диспетчер, шебер боп шыңдалды. 2016 жылы еңбегі еленіп, аға шебер қызметіне кіріскен. Әріптестері оған өз мамандығының майталманы деп баға береді.
«Мұнай өндіру жұмысын қалыпқа келтіру үшін жер асты жөндеу жұмысын сапалы жүргізу шарт. Сондықтан біз өзімізге жүктелген міндетті мінсіз орындауға барымызды саламыз. Қызметте кәсібиліктен бөлек, ұжымдық байланыс мықты болуы керек. Бәріміз жұдырықтай жұмылсақ, біз алмайтын асу қалмайды», – дейді Мұхамедин Сарқұлов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы