Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өзбекстанда Шығыс стилінде жасалған бірегей пойыздар пайда болды. Жоба немістің Lernidee Erlebnisreisen туристік компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған, деп хабарлады Egemen.kz сайты.
Мұндай алғашқы пойыз биылғы 12 сәуірде «Ташкент – Бұхара – Хиуа – Самарқанд – Камаши – Китаб – Түркістан – Бішкек – Алматы» бағыты бойынша жолға шыққан-ды. Бұл халықаралық туристік пойыздар ретінде аталады. Оларға мінген алғашқы жолаушылар Германия, Швеция, Англия, Люксембург, Канада, Индонезия, Ирландия сияқты елдерден келген туристер болды.
Жылдың соңына дейін 10 осындай пойыз жолға шығады деп жоспарланып отыр. Келесі туристік чартерлік пойыздар 2023 жылдың тамызы мен қазаны аралығында іске қосылады. Айта кету керек, әр вагон Батыс пен Шығыс стильдерінің қосындысы негізінде безендірілген. Вагоннан вагонға көшкенде жиһаздар, интерьер, ыдысаяқ, тіпті ас үй өзгереді. Дегенмен вагондарды безендіруде өзбек халқының ұлттық нақыштарына басымдық берілген. Нақтылай айтқанда, вагон қабырғалары шығыс миниатюралары және өрнектерімен айшықталған.

Айта кету керек, Шығыс елдерінің стилі этностық дизайн үрдісінің тұтас тобын сипаттайды. Бұған әдетте Азия мен Арабстан, Африка және Мауритания, сондай-ақ Үндістан стилі кіреді. Бұл стиль этностық ою-өрнектермен безендірілген, айқын симметриялы тұрақты геометриялық пішінді жиһазбен мазмұндалады. Жұмсақ әшекейлердің барлық түрі Шығыс стилінде орынды көрінеді. Кілемдер, жастықтар, төсек жапқыштар, перделер, көрпелер өрнегі туристерді бірден қызықтырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
25
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде