Главная Новости Өзендік мұнайшыларда өзекті мәселелер жетерлік
18 қаңтар 2019, 09:05 2627

Өзендік мұнайшыларда өзекті мәселелер жетерлік

Өзендік мұнайшыларда өзекті мәселелер жетерлік

Биыл "Өзенмұнайгаз" АҚ-да "Еңбек қорғау жылы" жарияланып отыр. Ал бұл мәселенің қазіргі кезде өзекті екені Компанияның бас директоры Жәнібек Нұғмановтың ұжыммен кездесуінде анық байқалды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жәнібек Қайырбекұлы кестеге сәйкес №1,3 МГӨБ еңбек ұжымымен кездесіп, 2018 жылдың қорытынды есептік жиналысын өткізді. Ол еңбекті қорғау жылында жазатайым оқиғаларды болдырмай, барынша қауіпсіздікті сақтай отырып еңбек етуге шақырды.

«Былтыр 5 млн 590 мың тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын. Біз 5 млн 480 мың тонна мұнай өндірдік. Жоспардың орындалмауының әртүрлі өзіндік техникалық себептері бар. Жаман көрсеткіш деп есептемеймін. Бұл көрсеткіште әрқайсыңыздың өзіндік үлесіңіз бар", - деді Компания басшысы.

Басқосуда бірқатар өндірістік және әлеуметтік түйткілдер талқыланды. Мысалға басшылық тарап жұмысқа адам алмау жайлы мораторий әлі күшін жоймағанын еске салды. 

Еңбеккерлер де өз мұң-тілегін еркін жеткізді. №3 МГӨБ Скважиналарды жерасты жөндеу бригада операторы Шәріп Ақжігітов жұмыс барысында қыстық арнайы киімнің ыңғайсыздық тудыратынын алға тартса, №1 МГӨБ кәсіподақ төрағасы Ибрагим Сатыбаев кадр жасақтау жайына тоқталып, көпшіліктің көкейіндегін дөп басты. Балалардың жазғы демалысында шетелдегі лагерьлерге де жіберу ұсынысы айтылды. 

МГӨБ топтық қондырғыларындағы слесарьлар операторлармен бірге қоян-қолтық жұмыс жасап жүрсе де, олардан аз жалақы алатындарына қынжылыс білдірді. Скважиналарды жерасты жөндеу және диагностикалау цехының қызметкерлері қазығы қағулы тұрғанына біраз болған асхананың бітпеуіне алаңдаушылығын жасырмады. Үй алуға берілетін қаражаттың мардымсыздығы, білікті мамандардың қызметте өспеуі сынды олқылықтар да ортаға салынды.

Тағы бір назар аударарлық маңызды дүние, 50 жылдық мерейтой қарсаңында Жаңаөзен қаласы жолдарының жеткілікті дәрежеде жөнделмеуіне де мұнайшылар наразы екенін аңғартты, яғни бөлінетін қаржы желге ұшпауға тиіс.

Шара қорытындысында қарапайым еңбек адамдарымен басшылардың сирек жүздесуі осылай мәселелердің қордаланып қалатынына апаратыны уәжделіп, бас директор болса, әзірге шешімін таппай тұрған жайттар бойынша шаралар жоспары әзірленіп, барынша қажетті жұмыстар жүргізілетініне уәде етті деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: