Главная Новости Павлодар мұнайхимия зауытында «Дублер күні» өтті
07 ноября 2025, 21:03 201

Павлодар мұнайхимия зауытында «Дублер күні» өтті

Павлодар мұнайхимия зауытында «Дублер күні» өтті

«Shadow Day — Дублер күні» республикалық жобасын қолдай отырып, Жұмыс мамандықтары жылы аясындағы жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар мұнайхимия зауыты мектеп оқушылары үшін танымдық күн ұйымдастырды.

2025 жылғы 09 қазанда №22 және №39 жалпы орта білім беру мектептерінің 9-сынып оқушылары зауыттағы нақты өндірістік ортамен танысты. Шараның мақсаты — жасөспірімдерді жұмысшы мамандықтарының ерекшеліктерімен тәжірибе жүзінде таныстыру.

Іс-шара басында оқушыларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама жүргізілді. Кейін олар кәсіпорын аумағын аралап, технологиялық жабдықтарды өз көздерімен көрді. Бұдан әрі қонақтар компьютерлік тренажер кешендерінде технологиялық қондырғылар операторлары мен сорғы машинистері ретінде өздерін сынап көрді. Оқушылар виртуалды түрде жұмыс істеп тұрған қондырғыларды аралап, сұрақтар қойып, процестегі өзгерістерді бақылап отырды.

«Дублер күні» іс-шарасының басты мақсаттары — мектеп оқушыларын мұнай өңдеу зауытының қызметімен таныстыру, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, техникалық бағыттарға қызығушылықты ояту және кәсіби бағдар беру — толық орындалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: