Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Қазақтелеком» АҚ іске асырып жатқан жобаның арқасында Павлодар облысында шалғайда орналасқан 29 ауылдық елді мекенге интернет жеткізілді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бағытталған аса маңызды әрі кешенді бағдарлама. Ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту жобасын іске асыру нәтижесінде өңірдегі мемлекеттік және бюджеттік мекемелер сапалы цифрлық байланыспен қамтылады әрі инновациялық қызметтерге қол жеткізеді. Сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымның қалыптасуы ауылдық елді мекендерде «Электрондық үкімет», «Азаматтарға арналған үкімет», «Ашық үкімет» секілді мемлекеттік бағдарламаларды да сәтті іске асыруға жол ашады», - дейді Железин ауданының әкімі Қанат Кашкиров.
Павлодар облысында атқарылған ауқымды істердің арқасында 107 мемлекеттік және бюджеттік ұйым телекоммуникация қызметтеріне қосылды. Жыл соңына дейін ШҚО-ның 83 ауылындағы тағы 308 ұйымға заманауи байланыс қызметіне қосу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан МЖАУ мамандарының айтуынша, ТОБЖ электромагнит толқындардың кедергісін елемейді, сондықтан, үзіліссіз жұмыс істей береді. Бұл шалғай аудандардағы қолданушыларды кең жолақты Интернет, цифрлық телевидение және телефония секілді сапалы қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Оптикалық талшықты желіні дамытқан сайын облыс тұрғындарының қазіргі заманғы телекоммуникация сервистерін қолдануына мүмкіндіктер есігін аша түсеміз. Компаниямыздың басты міндеттерінің бірі – денсаулық сақтау нысандарын жоғары сапалы интернетке қосу. Бұл медицина қызметкерлерінің медициналық ақпарат жүйелерін едәуір тиімдірек қолдануына жағдай жасайды. Бұдан тыс, ауыл мектептеріне де ТОБЖ тарту мәселесі басты назарда тұр. Сол арқылы оқушылар қашықтан сапалы білім ала алады», - дейді Шығыс Қазақстан МЖАУ директоры Газинур Раимханов.
Облыста ТОБЖ тарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары бүгінде кестеге сай жүріп жатыр, ал 2020 жылы атқарылуы тиіс жұмыстардың 70%-ға жуығы орындалған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
177
05 марта 19:08
На 98% за год вырос объем закупок у отечественных производителей фондом "Самрук-Казына"