Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Павлодар станциясынан Түркістанға жаңартылған вагондары бар №45/46 жолаушылар пойызы жолға шықты. «Жолаушылар тасымалы» АҚ - «Солтүстік» өңірлік филиалының Павлодар учаскесіне отандық өндірістің 36 плацкарт және купе вагондары келіп түсті.
«Ұлттық тасымалдаушының стратегиялық міндеттерінің бірі - вагон паркін жаңарту. Біз өңір тұрғындарының қалауларын ескеріп, қала тұрғындары мен Павлодар қаласы әкімдігінің көптеген өтініштері бойынша Павлодар-Түркістан бағытында жаңа вагондарды іске қостық. Пойыз күнделікті қатынайтын болады. Құрамы кемінде 10 жаңа вагоннан тұратын бұл пойызда 3 купе және 7 плацкарт бар. Бір бағытта жолаушылар құрамы 456 жолаушыны тасымалдай алады, ал жолаушылар ағыны ұлғайған кезде қосымша вагондар қосылады», - деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов жаңартылған пойызды іске қосу барысында.
Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін вагондар ауаны баптау қондырғысымен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар. Вагондарды пайдалану шарттары сақталған жағдайда, олардың қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайды.

Биылғы жылдың күзінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық өндірістегі 42 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылды. Олар «Маңғыстау-Атырау» және «Ақтөбе-Атырау» бағыттары бойынша жүреді.
Жолаушыларды тасымалдауға арналған вагон паркін жаңарту шеңберінде 2023 жылдың соңына дейін тағы 10 вагон және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 62 вагон жеткізу жоспарлануда. Өткен жылдың желтоқсан айында Stadler технологиясы бойынша 2025-2030 жылдар аралығында шығарылатын 537 жолаушылар вагонын сатып алуға шарт жасалды. Сонымен қатар, келесі жылы тағы 157 жолаушылар вагонын сатып алу жөніндегі жобаны қаржыландыру бөлігінде мемлекеттік органдармен мәселені талқылау жоспарлануда. Вагон паркін жаңарту бойынша барлық жоспарланған іс-шараларды ескере отырып, 2030 жылы вагондардың орташа шыққан жылы 18-ден 13-ке дейін төмендейді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы