Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Берлинде өтіп жатқан InnoTrans 2022 көрмесіне PESA компаниясы сутегімен жүретін маневрлік тепловозын әкелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұл локомотивтің Польшадан тыс жердегі алғашқы таныстырылымы болып отыр. Бір жыл бұрын локомотивтің әлі бітпеген үлгісі TRAKO 2021 көрмесіне қойылған. Одан бері техниканы жетілдіру жұмыстары жалғасып, бүгін түпкілікті аяқталған нұсқасы нарыққа шықты.
Локомотивтің қуаты 650 кВт, ол отын құю бекетінен шыққан соң 15 сағатқа дейін жүре алады. Қазір оны сертификаттау жұмыстары жүріп жатыр, одан кейін Европа темір жолдарына пайдалануға беріледі.
Көрме барысында PESA отынмен қамтамасыз етуге маманданған PKN Orlen компаниясымен әріптестік жөнінде келісім жасады. Бұл локомотивтерді алғанда оларды сутегімен қамтамасыз ету мәселесін бірден шешуге мүмкіндік береді.
Қазір PESA жылына мұндай локомотивтің үшеуін шығаруға қауқарлы, бірақ сұраныс артса өндіріс барысы да ұлғая түспек. Бір локомотивті жасауға шамамен екі жыл уақыт кетеді екен.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!