Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жуырда алғашқы контейнерлік пойыз Қазақстаннан Түрікменстан, Иран арқылы Түркияға жөнелтілген болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде аймақтың көлік байланысын арттырып, біртіндеп транзитке жағдай жасау керектігін айтты.
«Картаға көз салсақ, Ресей, Қытай, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Оңтүстік Кавказдың түйіскен жерінде орналасқан Орталық Азияның географиялық ерекшелігі айқын көрінеді. Жаңа геосаяси жағдайда трансконтинентальдық сауданы дамытуда және ілгерілетуде біздің аймақтың рөлі едәуір артады. Осы ретте Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын белсенді түрде дамытып отыр. Бұл бағыттағы контейнер тасымалы 2017 жылдан бері 3 есеге, яғни 25 мыңға дейін өсті. Бұдан бөлек, Қазақстан «Мазари-Шариф – Кабул – Пешевар» бағытындағы теміржол құрылысына атсалысуға әзір. Нақты айтқанда, теміржол құрылысына қажетті материалдармен қамтамасыз етіп, вагондар ұсына аламыз. Өз тарапымыздан серіктестерімізді Шығыс Азия мен Парсы шығанағы елдерін байланыстыратын ең қысқа бағыт «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолын белсенді пайдалануға шақырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сонымен бірге өзінің Иранға сапары барысында алғашқы контейнерлік пойыз Қазақстаннан Түрікменстан, Иран арқылы Түркияға жөнелтілгенін атап өтті.
«Бұл жаңа логистикалық шешім 6 мың шақырымнан астам жолды 12 күнде жүріп өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның Ақтау және Құрық порттары Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінің нарығына шығуға септігін тигізеді. Түркменбашы портының инфрақұрылымын табысты дамытып келе жатқан Түрікменстан да бұл ұстанымды қолдайтынына сенімдімін. Дегенмен, біздің елдерімізге өз арамыздағы көлік коммуникациясын дамыту мәселесін естен шығаруға болмайды. Қазір біз бұл бағытта Өзбекстанмен белсенді түрде ынтымақтастық орнаттық. «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің іске қосылуы өткізу әлеуетін 2 есе арттыруға, ал жүк тасымалдау мерзімін 1,5 есе қысқартуға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан басшысы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
131
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»