Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президентке «QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қаржы-шаруашылық жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлады Ақорда сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның қабылдаған шұғыл шаралары ішкі нарықтағы тауарлық газдың тапшылығын болдырмауға мүмкіндік бергені жөнінде баяндалды.
Санжар Жаркешовтің айтуынша, қазіргі таңда ішкі нарықтың газға деген сұранысы толық қамтамасыз етілген. QazaqGaz Қашағанда қуаты 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салуға кіріскен. Газды барлау және өндіру жөніндегі жаңа жобаларды іске қосу арқылы ресурстық базаны ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Газ саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген.
Мемлекет басшысына компанияның қызметіне жүргізіліп жатқан кешенді тексеру жұмысының барысы туралы мәлімет берілді. Қазақстанның газ тасымалдау жүйесіне халықаралық техникалық аудит жүргізілуде. Ұлттық компанияның шығындарын оңтайландыру нәтижесінде жыл басынан бері 9 миллиард теңге үнемделді.
Бұдан бөлек «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы газға қосылу жөніндегі техникалық шарттарды беру үшін талап етілетін құжаттар тізімін қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Баға белгілеудің әлеуметтік әділ реформасына қатысты шаралар кешені әзірленіп, қарауға ұсынылды.
Кездесу соңында Президент бірқатар міндет жүктеді, соның ішінде еліміздегі газбен қамту жұмыстарының қарқынын арттыру жөнінде тапсырма берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
49
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
65
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды