Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады.
Нұрлан Жақыповтың баяндамасынан:
2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құраған;
компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар;
биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді;
былтыр отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген шаралар:
– кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған;
– офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.
Президент ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беруді тапсырды.