Главная Новости Road to Pavlodar – 2024
01 шілде 2024, 16:40 240

Road to Pavlodar – 2024

Road to Pavlodar – 2024

Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының жұмыскерлері арасында өткен 2024 жылғы жазғы спартакиаданың іріктеу ойындары аяқталды.

Іріктеу ойындары спорттың 11 түрі бойынша: шағын футбол, волейбол, баскетбол, армрестлинг, жүзу, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, киберспорт, шахмат және үстел теннисінен өткізілген болатын.

Жарыс жеңімпаздары енді ағымдағы жылдың тамыз айында Павлодарда өтетін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасының финалдық бөлігіне қатысады.

Сонымен іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша Павлодарға тікелей жолдама алғандар:

  • Волейбол - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ының ерлер және әйелдер командалары;
  • Армрестлинг - С. Нурбаев («ҚМГ» ӨБ), Д. Абубакиров («ЖМГ» ӨБ) және Г. Смадиярова («ЖМГ» ӨБ).
  • Үстел теннисі - Г. Сабалакова (ӘҚД);
  • Жүзу - А. Габидула (СД);
  • Асық ату - А. Карасаев («ЖМГ» ӨБ), А. Адилбаев («ҚМГ» ӨБ), Таганиязова («ЖМГ» ӨБ);
  • Тоғызқұмалақ - А. Кожалакова (ЕҚжЕҚҚОҚД)

Әріптестерімізді тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтап, Павлодардағы жарыс додасында жеңіс тұғырына көтерілуді тілейміз!

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: