Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба - «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 2023 жылғы 10-22 мамыр аралығында Жетісу облысының 6 шалғай станциясында болады.
Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіп, кеңес береді, тексерулер жүргізеді. Қажет болған жағдайда шағын оталар жасалып, нақты мамандармен қамтамасыз етілген емханалары жоқ шалғайдағы кенттердің тұрғындарына жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама беріледі. Пойызда зерттеуге қажетті барлық құрал-жабдық бар.
Науқастарды қабылдау 13.00-14.00 аралығы түскі үзіліспен күнделікті сағат 9-дан 18-ге дейін жүргізіледі. Пойыз 10 мамырда Көксуге жетсе (келу уақыты 23.16), 13 мамырда (08.41) – Қалпеге, 15 мамырда (08.50) – Лепсіге, 17 мамырда (08.15) – Ақтоғайға, 19 мамырда (08.55) – Бескөлге және 20 мамырда (21.24) Достық бекетіне барады.

Пойыздың медициналық тобына терапевт, хирург, жалпы тәжірибе дәрігері, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, акушер, зертханашылар, медбикелер, рентгенолог, сәулелік диагностика дәрігері, стоматолог, отоларинголог, психолог, оптометр, гинеколог және уролог кіреді.
Сонымен қатар азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін кәсіби психолог, медиатор және заңгер тартылды. Бұдан басқа, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу құқықтарын қорғау, зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша тегін кеңестер қарастырылған.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері жобаның басынан бастап осы уақытқа дейін – 13576 адамды тексерістен өткізіп, 133 шағын хирургиялық ота жасаған.
Естеріңізге сала кетейік, жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес - Jibek Joly телеарнасымен бірлесіп жүзеге асыруда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы