Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық Қазына» АҚ қолдауымен жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Маңғыстаудағы жұмысын жалғастыруда. Түбек тұрғындарын қабылдауды мамырдың үшінші күні бастаған пойыз 25 мамырға дейін облыстың елдімекендерін аралады.
Заманауи диагностикалық және соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген пойыз құрамында қырық шақты маман бар. Медицина қызметкерлерінен бөлек заңгерлер және медиаторлардың да болғаны халыққа тиімді болып тұр.
Пойыздың өңірдегі алғашқы аялдамасы Бейнеу ауданындағы Тұрыш станциясы болды.Онда екі күн қызмет көрсетіп, Сай-Өтес станциясына жол тартты. 6-7-8 мамыр күндері сайөтестіктерді қабылдап, медициналық және құқықтық кеңес беру, т.т. қызмет көрсетті. Одан кейін Жаңаөзен станциясында үш күн тұрақтап, жұртшылықтың алғысын арқалаған ақжолтай пойыз Болашақ станциясына 12 мамырда жетті. Облыс орталығынан бес жүз шақырым шалғайдағы бұл станцияда да пойызды тағатсыздана күткендер көп болды. Жүз елуге жуық жергілікті тұрғынға қызмет көрсеткен соң пойыз бағыты Жетібай станциясына ауысты. Жетібайлық жұртшылық та қалауынша тегін медициналық және заңгерлік көмекке кенелді. Мамандандырылған пойызды Қарақия станциясында да қуана қарсы алды. Басы ауырып, балтыры сыздаған жандар мен түрлі құқықтық мәселелердің түйінін таппай жүрген тұрғындар тегін беріліп отырған мүмкіндікті белсенділікпен пайдаланды.

Шетпе станциясына 16 мамырда келген жылжымалы емхана мен құқықтық көмекті күткендер қарасы көп екен. Былтыр Шетпеге бұрылмай кеткен пойыздың биыл жеткеніне қуанып, алғашқылардың бірі болып денсаулығын тексертуге келген Тұрым ақсақал болды. Лор дәрігерінің қабылдауында болып, ем-дом алған қария ақ халаттыларға алғысын білдірді.
– Әлеуметтік жоба бойынша жолға шыққан пойыз сегіз вагоннан құралған. Төртеуі толығымен медициналық құралдармен жабдықталған. Пойыз жылда әртүрлі кестемен түрлі станция және бекеттерге барады. Қазір Үстірт станциясындамыз. Екі тәулік бойы жергілікті тұрғындарға қабылдау жүргіземіз. Арнайы тексеру, зерттеу құрылғыларымыздан өтудің бәрі ақысыз түрде жүзеге асырылады. Халық дереу қорытындысын біліп, керек кеңесін алып кетуде. Қажет жағдайда кішігірім ем-дом да көрсетеміз. Осы күнге дейін бес мыңнан артық адам қабылдадық. Оның ішінде шұғыл көмек көрсету керек жағдайлар да болды. Бірнеше науқасты шұғыл ауруханаға жатқыздық. Қатерлі ісікке күмәнді адамдар да анықталды. Мұндай науқастарды жергілікті медицина ошақтары әрі қарай бақылауға алады, – деп мәлімет берді телефон арқылы Үстірт станциясынан «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызының бас дәрігері Айнұр Егинбаева.
Маңғыстауға сапарын 25 мамырда Опорная станциясында аяқтайтын пойыз әрі қарай су тасқынынан зардап шеккен халыққа қызмет көрсету үшін Атыраудың Құлсары қаласына жол тартады.
116
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
172
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
156
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету