Главная Новости Samruk-Kazyna Construction басшысы Алматыдағы компания жобаларының барысымен танысты
15 ақпан 2024, 15:24 1025

Samruk-Kazyna Construction басшысы Алматыдағы компания жобаларының барысымен танысты

Samruk-Kazyna Construction басшысы Алматыдағы компания жобаларының барысымен танысты

Оңтүстік астанада Басқарма төрағасы жайлы мектептердің мердігер және жобалаушы ұйымдарының басын қосып, жиналыс өткізді. Төрт құрылыс компаниясының өкілдері учаскелердегі ағымдағы жағдай туралы баяндады.

"Диал-Строй" ЖШС жұмысының қарқыны қуантады. №1 шағын ауданда 600 орындық оқу орнын мердігер ескі мектептің аумағында тұрғызып жатыр. Нысан сыйымдылығы жағынан кішкентай әріп апаттық жағдайда болыпты. Сондықтан, оны сүріп, ұлттық жоба аясында жаңасын салу туралы шешім қабылданған. Білім ошағы 1 қыркүйекте есігін айқара ашады деп жоспарланған.

"Біздің нысан 9 блоктан тұрады, бүгінде 5 блокты тұрғызу бойынша шаруаны тындырдық, наурыз айында қалған 4 блокты аяқтаймыз. Сонымен қатар, ішкі әрлеу жұмысына да кірісудеміз. Қазір екі ауысымда жұмыс істеп жатырмыз, көктем басталысымен үш ауысымдық кестеге көшеміз", - деп атап өтті "Диал-Строй" ЖШС бас директоры Ғабит Маматраиымов

2000 орындық 3 жайлы мектепті "BI Urban Construction" ЖШС салып жатыр. Жиында Теректі шағын ауданындағы нысанға кіреберіс жолдардың мәселесі, дәлірек айтқанда жолдардық жоқтығы проблемасы көтерілді. Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов ертең өтетін жиынға жергілікті атқарушы орган өкілдерін шақыруды тапсырды.

"Консорциум жетекшілері кірме жолдар, тұрақ қалталары, жаяу жүргіншілер жолы, суағарлар мәселесін пысықтауы қажет. Оларды қалай орналастыру қажет, соны егжей-тегжейлі қарастырып, сызбасын беріңіздер. Ертең аталған мәселені тиісті басқарма мамандарымен талқылап, жұмыс тәртібінде шешеміз",-деді Samruk-Kazyna Construction басшысы

Мердігер ұйым Самғау шағын ауданында 2000 орындық жайлы мектеп проблемасын да сөз етті. Жер учаскесіне қосымша аумақты қосу жұмысы әлі жүргізілмеген. Телім бүгінде ІІМ тиесілі. Қос тарап арасында түсіністік бар, бірақ оны қағаз жүзінде рәсімдеп, мектеп құрылысына өткізу бойынша сұрақ шешілмеді деп түсіндіріп өтті Қоғамның өңірлік өкілдері.

Мегаполистегі 9 мектептің құрылысына «Bazis A-corp.» және  «Bazis Construction» жауап береді. Оқу орындарының бірі Құрамыс шағын ауданында орналасқан. Нысанға арналған трансформаторлық қосалқы станция мен блоктық-модульдік қазандықты жергілікті атқарушы органдар салуы тиіс. Әкімдік жұмысы инженерлік желілерді тартуға қажет жерасты бос арналардын болмауына байланысты созылып жатыр. Яғни, ертең мектептің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымсыз салынып, қолданысқа тапсырылу қаупі жоғары. Басқарма Төрағасы ЖАО өкілдерімен бірлесіп өткір мәселені тез арада шешу қажеттігін қадап айтты.

Жиын барысында Мәулен Айманбетов мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарының қарқынына қарқын қосуды тапсырды. Ескерту, әсіресе, Ақбұлақ шағын ауданындағы 1500 оқушыға арналған мектеп үшін өзекті. Нысан сүрілген білім ошағының орнына тұрғызылуда. Ал ұл-қыздар болса, уақытша басқа мектептерде білім алып жүр. Сондықтан нысанды 1 қыркүйекке дейін тапсыру өте маңызды.

Ұлттық жоба аясында Алматы қаласында 2500 орындық 2 мектеп салынып жатыр. Олардың бірі Егізбаев, 9 мекен-жайында бой көтеруде. Нысан қолданысқа тапсырылғаннан кейін темір тұлпарлардың ағыны көбейетіні сөзсіз. Ал Егізбаев көшесі мұндай жүктемеге дайын емес. «Жергілікті атқарушы органмен, атап айтқанда автомобиль жолдары басқармасының мамандарымен көшені кеңейту мәселесін біржақты ету керек. Сондай-ақ, мектептің айналысындағы қозғалыстың өтпелі болғанын қарастырған жөн. Әйтпеген жағдайда ертең үлкен кептелістерден көз ашылмайды»,- деді Мәулен Айманбетов.

Шұғыла шағын ауданындағы 2500 орындық мектепке келер болсақ, құрылыс екі ауысымда жүргізілуде. Алайда, соңғы уақытта жергілікті тұрғындардан түнгі жұмыстарға шағымдар түсе бастаған. Өңірлік өкілге ЖАО-мен бірлесіп жиналыс ұйымдастырып, тұрғындарға жобаның маңыздылығын, сондай-ақ учаскедегі ағымдағы шаруа барысын түсіндіру тапсырылды.

Samruk-Kazyna Construction басшысының Алматы қаласына жұмыс сапары ертең жалғасын табады. Таңғы сағат 8-де Басқарма Төрағасы өзекті мәселелер туындаған нысандарға баруды жоспарлап отыр. Мәулен Айманбетов осы мәселелерді талқылап, шешу үшін мегаполис әкімдігімен кездесіп, жиналыс өткізеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: