Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұл жолы Айманбетов Қазақстанның батысына жол тартты. Жұма күні Ақтөбе облысында, сенбі күні – БҚО-да болып, жексенбі күні Атырау өңіріне келді.
«Samruk-Kazyna Construction жайлы мектептердің құрылысына жауапты бірыңғай Дирекция ретінде бектілді. Жұмыс сапарлары кезінде көптеген мәселелер жергілікті жерлерде шешіледі, өйткені менің проблемаларды облыс әкіміне тікелей жеткізуге мүмкіндігім бар. Қазір менде демалыс жоқ, жоспарлы еңбек демалысынан бас тарттым. Ұстанымым – барлық мектептерді сапалы салып, уақытында тапсыру үшін қатаң бақылау қажет», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы.
Атырау облысында Мәулен Айманбетов көлікпен Құрманғазы ауданына барды. Ол облыс орталығынан 270 шақырым жерде орналасқан. Жол ұзақ әрі қиын болды, өйткені трассада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Samruk-Kazyna Construction басшысын Құрманғазы ауданының әкімі Айбат Жанғалиев қарсы алып, бірлесе құрылыс алаңдарына аттанды. Құрманғазы ауданында биыл ұлттық жоба аясында 2 мектептің құрылысы басталады.

«SK Construction жобалау бөлімі аудан әкімдігімен бірлесіп, сәрсенбіге дейін екі нұсқаны да зерттеп, қарастырады. Нәтижесінде біз қауіпсіз, үнемді және ең оңтайлы жер телімін таңдаймыз. Кейін ғимаратты орналастыру бойынша түпкілікті шешім қабылданады», - деді Айманбетов жер учаскелерін аралау кезінде.
Екінші мектеп аудан орталығы – Құрманғазы ауылында салынады. Ол да 600 орынға шақталған. Бұл нысанды да «Каспий Құрылыс ЛТД» ЖШС салады. Жер учаскесі бойынша мәселе жоқ, құрылысқа дайындық қарқынды жүріп жатыр. Алайда Айманбетов кезекті рет жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне, жобалаушылар мен бас мердігерге болашақ мектепке кіреберісті төрт жағынан қамтамасыз етуді талап етті.
«Мектептер өз атына сай болуы керек. Әрбір білім ошағының тек іші ғана емес, сырты да, аумағы да барынша жайлы болуы тиіс. Балалар мектепке өз бетінше және қауіпсіз жете алатындай қолайлы жағдай жасаумыз керек», - деп атап өтті Samruk-Kazyna Construction басшысы.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы ата-аналарға балаларының қауіпсіз ортада білім алатынына сенімділікті қалыптастыруға бағытталған. Оларға оқу және жан-жақты даму үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады. Сондықтан мектептерді жобалау кезінде балалардың қажеттіліктері, жоғары сапалы материалдар, сапалы инфрақұрылым, заманауи бақылау жүйесі және қорғалған аумақ сияқты факторлар бірінші кезекте ескеріледі.
Атырау облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 12 жаңа, жайлы және заманауи орта білім беру нысаны салынады, оның 9-ы 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Қалған 3 мектептің құрылысы келесі жылы басталып, 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Ұлттық жобаның арқасында облыс бойынша 12,4 мың жаңа оқушы орны ашылады.
Мәулен Айманбетовтың елдің батысы бойынша сапары әлі аяқталған жоқ. АДүйсенбі күні Басқарма Төрағасы Атырау облысының Құлсары қаласы мен Сарыөзек ауылындағы құрылыс алаңдарына барады, кейін Атырау қаласында облыс әкімі Серік Шапкеновпен кездесу жоспарланған. Ал сейсенбіде SK Construction басшысы әуе кемесімен Маңғыстау облысына аттанады.




































