Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша кеңейтілген жұмыс отырысын өткізді. Жиынға компанияның басшылық құрамы мен өңірлердегі өкілдері және мердігерлер қатысты. Шұғыл жиын өткізу туралы шешім Айманбетовтың мектептер салынатын жер учаскелерінде мердігер компаниялардың өкілдерімен болған кездесулерінен кейін қабылданды.
Жиналыс селекторлық режимде өтті. Айманбетовтің өзі сол сәтте Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка кентінде 300 орындық жайлы мектепті құрылысына бөлінген учаскені тексеріп жүрген еді. Отырысқа Ұлттық жобаны іске асыру бойынша департамент қызметкерлері, сондай-ақ 20 өңірдегі жобалаушы және құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.
Онлайн-кездесу барысында SK Construction басшысы мердігер компанияларға тез арада геологиялық іздестіру жұмыстарының нәтижелерін алуды және құрылыс жұмыстарына учаскелерді дайындау шаруасын жеделдетуді тапсырды, оның ішінде қажетсіз объектілерді бұзу, инженерлік желілер мен жарық бағаналарын аумақтан шығару және т.б. Жобалаушы ұйымдарға Төраға мектептерді жобалау сапасына баса назар аударуды жүктеді.
«Жобалаудың ескі жүйесі мен әдістерінен бас тарту керек. Енді біз жаңа тәсілмен жұмыс істеп жатқанымызды ескеріңіздер. Мектептер жоба бойынша салынуы тиіс. Бұл үшін тапсырыс беруші, жобалаушылар мен құрылысшылар арасындағы жұмысты бір тәртіпке келтіріп, үйлестіру қажет. Біз барлық істеріміз үшін бірге жауап береміз», - деп атап өтті SK Construction басшысы.

Айманбетовтың пікірінше, мердігер компанияларда ЕРС келісімшартының форматы мен консорциумдағы жұмыс туралы бірыңғай нақты түсінік әлі қалыптаспаған. Консорциумның құрамына кіретін компаниялар мектептерді жобалау және салу үшін күш пен ресурстарын біріктіреді. Бұл ретте консорциум мүшелері үшін ортақ жауапкершілік қарастырылған: егер бір компания өзіне тапсырылған жұмысты орындай алмаса, бүкіл консорциум жосықсыз жеткізушілер тізіміне енеді.
«SK Constuction орталық аппаратына мердігерлермен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Оларға консорциум деген не екенін және ЕРС келісімшарттың ерекшелігін тағы бір рет түсіндіріп, кімнің неге жауапты екенін белгілеу қажет», - деді Айманбетов.
SK Construction басшысы сондай-ақ жергілікті жерлерде ұлттық жобаны іске асыруға жауапты компания өкілдерінің қызметіне баға берді. Айманбетов өңірлердегі өкілдерді статистика және ақпарат жинаумен ғана айналыспауға шақырды. Болашақ мектептердің құрылыс объектілерінде қиындықтар туындаған жағдайда, өңірлік өкілдер мәселені жергілікті деңгейде жедел шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға өздері жүгінуге тиіс.
«Сіздер біздің компанияның аймақтардағы өкілісіздер. Жұмысты қадағалап, күнде құрылыс алаңдарына барып, бас мердігерлермен және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен сөйлесіңіздер, сұраңыздар! Тиісті шешімдер қабылдап жауапкершілікті мойынға алу керек. Бәріңіз білікті маман, тәжірибелі құрылысшысыздар. Орталыққа жалтақтап, көмек күтуді доғару керек», - деді Айманбетов.
SK Constuction басшысы жер учаскелерін аралау бойынша кесте жасауды да тапсырды. Жобалаушы ұйымдар өздерінің білікті және тәжірибелі қызметкерлерін, әсіресе бас инженерлерді құрылыс алаңдарына жіберуі керек. Бұған дейін Айманбетов кабинетте отырып жобалауға жол бермейтінін бірнеше рет айтқан болатын. Шалғайдағы елді мекендерде жергілікті тұрғындар арасынан тәжірибелі мамандарды жалдау қажет. Олар учаскедегі барлық процестерді мұқият бақылап отыратын болады.

Жиын барысында Басқарма Төрағасы жұмыс ерекшеліктерін талқылап қана қоймай, бірқатар маңызды тапсырма да берді. Мысалы, мектептерді жобалау кезінде жергілікті материалдарды пайдалануға баса назар аудару керек. Мердігерлері әлі анықталмаған мектептер бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып конкурс қорытындысын күтпей, жер телімдерін құрылысқа дайындау жұмыстарын бастай беруді тапсырды Айманбетов. Оның сөзінше, бұл уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Отырыс соңында Айманбетов ел азаматтарының, бірінші кезекте балалар мен олардың ата-аналарының алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын тағы бір қайтара еске салды. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының мақсаты үш ауысымды, апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу ғана емес, сонымен қатар әрбір жас қазақстандық заманауи әрі ыңғайлы ғимаратта сапалы орта білім ала алатындай жағдай жасау.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
82
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы