Главная Новости Samruk-Kazyna Construction және жапондық MITSUI & CO. LTD Қазақстанда сейсмотұрақты технологияларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады
01 қараша 2024, 15:42 982

Samruk-Kazyna Construction және жапондық MITSUI & CO. LTD Қазақстанда сейсмотұрақты технологияларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады

Samruk-Kazyna Construction және жапондық MITSUI & CO. LTD Қазақстанда сейсмотұрақты технологияларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады

Samruk-Kazyna Construction орталық кеңсесінде Қазақстанның құрылыс саласына инновациялық технологияларды енгізу мәселесін талқылау мақсатында жапон делегациясымен ресми кездесу өтті. Жұмыс кездесуіне басқарма төрағасы Маулен Айманбетов, оның бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров және жапондық MITSUI & CO. LTD корпорациясының өкілдері бас менеджер Такеши Шимада мен жетекші жобалар үйлестірушісі Біржан Шәкірбаев қатысты.

Кездесудегі талқыланған бас тақырып сейсмикалық төзімді конструкциялар мен заманауи құрылыс материалдар технологиясын енгізу болды. Бұл технологиялар құрылыс сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті аймақтар үшін бұл шешімдер өзекті.

MITSUI & CO. LTD өкілдері сейсмикалық тұрақтылық саласындағы озық технологияларын таныстырып, олардың Қазақстандағы әлеуметтік және тұрғын үй құрылыстарында қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Компания құрылыс саласындағы технологиялармен алмасу және өзге де салаларда ынтымақтастық орнатуға, оның ішінде өндірістік машина шығару мен құрылыс материалдарын өндіруге дайын екенін білдірді.

«MITSUI & CO. LTD компаниясы бүкіл әлемге танымал. Біз Қазақстанда 30 жыл бұрын екі кеңсе ашып, әртүрлі бизнес салаларында белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінде құрылыс саласына да назар аударып отырмыз. Комацу еншілес компаниямыз құрылыс және тау-кен өнеркәсібі техникасын сату және оларға қызмет көрсетумен айналысады. Қазақстанның кейбір аймақтары сияқты, Жапонияда да сейсмикалық қауіп-қатерлі жерлер бар. Біз сейсмологиялық төзімді құрылыс саласында ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделіміз, өйткені жапондық сейсмикалық төзімді конструкциялар әлемдегі ең үздік жобалар қатарында», — деп атап өтті бас менеджер Такеши Шимада.

Өз кезегінде, Маулен Айманбетов мұндай инновацияларды қазақстандық нарыққа енгізуге деген қызығушылығы бар екендігін атап өтті.

«Жапондық технологиялар әлемдік нарықта көш бастап тұрғаны мәлім. Біз және Қазақстанның құрылыс саласындағы жетекші компаниялар да соңғы жетістіктеріңізге қызығушылық танытып отырмыз. Тұрғызылып жатқан ғимараттардың қауіпсіздігін арттыру және экономикалық өсімді ынталандыру үшін осы технологияларды енгізу мүмкіндігі біз үшін өте маңызды. Осы бастау алған ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуды қолдаймыз», — деп атап өтті Маулен Айманбетов.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге келіп, жапон делегациясы қазақстандық әріптестерді өндіріс орындарымен танысуға және Қазақстан нарығына инвестиция құю келешегін талқылауға шақырды.

MITSUI & CO. LTD компаниясы - 948 жылы құрылған және инвестиция құюмен, жобалық қаржыландырумен, тауарларды импорттау және экспорттаумен айналысатын көпсалалы корпорация. Сондай-ақ, корпорация бүкіл әлем бойынша ғимараттар құрылысында сейсмологиялық қорғаныс технологияларын әзірлеу және енгізумен айналысады. Компанияның өкілдіктері Оңтүстік Корея, Вьетнам, Тайвань және АҚШ-та орналасқан.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: