Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» мен Wabtec арасындағы келісімге KGIR-2024 шарасы аясында қол қойылды.
Wabtec ҚТЖ-мен көпжылдық серіктестікті және локомотивтерді жеткізіп жатқанын ескере отырып, ҚТЖ-ға KinetiX цифрлық жүйесін табыстайды және оған екі жыл сервистік қызмет көрсетеді.
KinetiX цифрлық жүйесі жасанды интеллект негізінде жылжымалы құрамды бақылау және оған диагностика жүргізу үшін қолданылады.
Мұндай жүйенің құны — 10,4 миллион доллар.
Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) — локомотивтер шығаратын және локомотивтерге, жүк пен жолаушы көліктеріне арналған өнімдер шығаратын америкалық компания.
Көлік және логистика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі және ҚТЖ үшін 595 локомотив шығарып, ТМД елдеріне 39 локомотив экспорттаған «Локомотив құрастыру зауытына» иелік етеді.