Главная Новости Samruk Qyzmet: «Самұрық-Қазына» компанияларында 10 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылды
13 қаңтар 2022, 10:08 1607

Samruk Qyzmet: «Самұрық-Қазына» компанияларында 10 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылды

Samruk Qyzmet: «Самұрық-Қазына» компанияларында 10 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылды

2019 жылғы тамызда Samruk Qyzmet бірыңғай рекрутингтік онлайн-платформасы іске қосылған сәттен бастап, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша онда 10 281 ашық бос жұмыс орны орналастырылды.

Мәселен тек 2021 жылдың өзінде Қазақстанның жетекші ұлттық компаниялары түрлі бейіндегі 5 669 маманға қажеттілік туралы хабарландыру берді.

Бүгінгі таңда платформада 183 компания өз бос орындарын орналастырады, олардың ішінде теміржол алыбы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, мұнай операторы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, авиатасымалдаушы «Air Astana», уран көшбасшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, технологиялық «Қазақтелеком» АҚ, энергетикалық «KEGOC» АҚ және Қазақстан экономикасының басқа да локомотивтері, сондай-ақ олардың ондаған еншілес ұйымдары бар.

«Платформаны басқа порталдармен салыстыра отырып, оны жасау кезінде ескерілген өте маңызды жайтты атап өтуге болады – бұл біздің жұмысымызда міндетті болып табылатын үміткерлерге кері байланыс беру. Қараудың әр кезеңінен кейін үміткерге оның үн қату мәртебесі туралы хабарлама келеді, осылайша іріктеудің ашық рәсімдері қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ үн қатулардың орташа саны, тестілеу кезеңінен өткен үміткерлер саны және басқа да ақпарат бойынша деректі жүктеу мүмкіндігі бар, бұл маған есептерді тапсыру кезінде көмектеседі», – деп платформамен жұмыс істеу туралы әсерімен бөлісті «Қазпошта» АҚ рекрутинг бағытының басшысы Айдана Жайжұмова.

Егер статистикалық мағлұматтарға жүгінетін болсақ, күнделікті платформада жоғары буын басшылары деңгейінен бастап, өндірістік позициялар мен жұмыс тәжірибесі аз тағылымдамадан өтушілерге дейін 200-ден 300-ге дейін бос жұмыс орны орналастырылады.

2021 жылы кәсіби салалар бойынша маман іздеудің ең танымал бағыттары:

  • Теміржол тасымалы
  • Геология
  • Электр энергетикасы
  • Газ тасымалдау саласы
  • Телекоммуникация
  • Экономика, қаржы, аудит, тәуекел-менеджмент
  • Мұнай химиясы
  • Маркетинг
  • Барлау, өндіру
  • Пошта қызметтері

«Екі жыл бойы «Қазатомөнеркәсіптің» қызметін қарап келемін – әлеуметтік желілердегі жаңалықтар мен жарияланымдарды оқыдым. Менің ойымша, бұл елдегі ең прогрессивті, «ақылды» өндірістік компания. Сондай-ақ, сол кезде ұйым дамудың қызықты кезеңдерінен өтті – IPO, өткізу нарығын кеңейту, саладағы жетекші компаниялармен ынтымақтастық, ұзақ мерзімді дамудың жаңа стратегиясы және басқа да жобалар. Samruk Qyzmet платформасында менің мамандығыма, яғни «тәуекелдерге» байланысты бос орын пайда болғаннан кейін бірден үн қаттым және 11 айдан бері ұлттық атом компаниясында сәтті жұмыс істеп келемін. Тамаша ұжымым және түсінушілік танытаны жетекшім бар», – деп әңгімеледі өз өткенін Нұр-Сұлтандағы «Қазатомөнеркәсіп» Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры Оксана Палаткина.

Ыңғайлы сүзу пайдаланушыларға тек кәсіби бағыттағы бос жұмыс орындарын таңдауға ғана емес, сонымен қатар өтініш берушінің тәжірибесіне сәйкес келетін бос жұмыс орындарын табуға мүмкіндік береді.

2021 жылы ашық бос жұмыс орындары бойынша үміткерлердің 27%-ында жұмыс тәжірибесі талап етілмеді, 32%-да жұмыс берушілер 1 жылдан 3 жылға дейінгі тәжірибесі бар қызметкерлерді іздеді, 29% бос жұмыс орындары 3 жылдан 6 жылға дейін тәжірибені, 6 жылдан бастап жұмыс өтілін 13% талап етті.

«Samruk Qyzmet – қажетті және табысты жоба. Оның көмегімен сіз перспективасы бар және маңыздысы мамандық бойынша жұмыс таба аласыз. Бәрінен бұрын бос жұмыс орындарын іздеу бойынша ыңғайлы навигация ұнады – қажетті сүзгіні, қаланы таңдайсың, өз жұмыс тәжірибеңді көрсетесің – және мархабат, өз бейінін бойынша барлық бос жұмыс орындарын бірден көресің», – деп атап өтті платформаның арқасында іріктеудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыс тапқан «Интергаз Орталық Азия» АҚ желілік пайдалану қызметінің операторы Бақытбек Жаманқұлов.

Samruk Qyzmet жобасын іске асыру операторы «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті болып табылады. Жобалық команда тұрақты негізде платформаны жақсарту және дамыту бойынша жұмыс істейді, жаңа құралдарды енгізеді, түрлі іздеу және рекрутингтік жүйелермен интеграцияға бастамашылық етеді, Қазақстанның барлық өңірлерінің жұмыспен қамту орталықтарымен және ЖОО-мен тығыз ынтымақтастық жасайды.

«Samruk Qyzmet командасы барлық ниет білдірушілер үшін жетекші мансаптық сарапшыларды тарта отырып, тұрақты негізде тегін оқыту өткізетінін атап өткім келеді: түйіндеме жасау бойынша практикумдар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер, табысты мансап құруды мақсат еткендерге мансаптық қарқындар, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері үшін дәрістер, семинарлар мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері және тағы басқалар. Барлық шаралар әлеуметтік желілерде және сайттың өзінде жарияланады», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің директоры Бексұлтан Бекмұратов.

Самал Наурызова

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: