Главная Новости «Самұрық-Энерго» АҚ энергетиканы цифрландыруды жалғастыруда
Компания тынысы26 қаңтар 2021, 09:47 324

«Самұрық-Энерго» АҚ энергетиканы цифрландыруды жалғастыруда

«Самұрық-Энерго» АҚ энергетиканы цифрландыруды жалғастыруда

Қазақстанның энергетикалық нысандарында арнайы жабдықты орнату басталды, бұл республиканың бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі (БЭЖ) қуаттың ағымын және оның таратылуын реттеуге мүмкіндік береді.​ Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Цифрлық шешімдерді енгізу және Жүйелік операторға қызмет көрсету есебінен 2021-2025 жылдар аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ  4 млрд теңгеден астам қаржылық пайда табуды жоспарлауда. Аталған бірегей жоба «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары – «Мойнақ СЭС-і» АҚ мен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның платформасында іске асырылуда. Бұл «KEGOC» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жиілік пен қуатты автоматты реттеу (ЖҚАР) жүйесін енгізу бойынша бірлескен жобасы.

Электр энергетикалық холдингте түсіндіргендей, электр энергиясының сапасы мен оны өндіруші жабдықтың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кез келген энергия жүйесінде электр энергиясын өндіру мен пайдалану арасында тепе-теңдік қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақстанда қазіргі кезде бұл баланс Жүйелік оператордан («KEGOC» АҚ) бастап өңірлік операторлар мен электр станцияларына дейін «қолмен» қамтамасыз етіледі. Мұндай тәсілмен реттеу баланстың бұзылуына әкеп соқтырып, шекаралас елдердің коммерциялық негізде реттеу қызметін көрсетуі арқылы өтеліп жатады. 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаевтың сөзінше, ЖҚАР баланстағы ауытқуды жүйенің сезу жылдамдығын көп есе арттырады. Жүйенің архитектурасы баланстағы ауытқуды санаулы минуттарда, бекітілген нормативтер бойынша 15 минуттан аспайтын уақытта толық жоюға есептелген.

«Стратегиялық бастама Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің балансы автоматты түрде ұсталуын, реттеуге қатысатын электр станцияларының неғұрлым тиімділігі мен өндіру икемділігін қамтамасыз етуге, баланстағы ауытқуларды жоғары жылдамдықпен және дәл сезіп, шара қолдануға бағытталған.  ЖҚАР – осы саладағы тырнақалды тәжірибе, сол арқылы Қазақстан энергетикасының тәуелсіздігіне қол жеткізетін боламыз», - деп атап өтті Серік Түйтебаев.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: