Главная Новости «Самұрық-Энерго» дебюттік жасыл облигацияларын шығарды
29 қараша 2021, 10:07 975

«Самұрық-Энерго» дебюттік жасыл облигацияларын шығарды

«Самұрық-Энерго» дебюттік жасыл облигацияларын шығарды

«Самұрық-Энерго» АҚ Жасыл қаржы орталығының көмегімен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қор биржасының – Astana International Exchange сауда жүйесінде жылдық 11,4% купондық мөлшерлемесімен 6,5 жыл мерзіміндегі жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруға шығарды.

Орналастырудан түскен қаражат Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) жасыл облигациялар қағидаттарына (GBP) сәйкес тиімді жасыл жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.

Компанияның жасыл облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі Лид-менеджері болып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  еншілес ұйымы  «Halyk Finance» АҚ белгіленді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов Компанияның жаңа даму стратегиясында көзделген жасыл энергияға қатысты жоспарларды іске асыруда жасыл энергетикаға инвестициялаудың зор маңызын алға тартады.

«Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдаланудың 4-ші энергетикалық көшу кезеңіне аяқ басты, табиғи қуат көздері уақыт өте келе қазбалы отын түрлерін мұнай мен көмірді ығыстырып шығарады. Осыған байланысты «жасыл экономикаға» көшудің жаһандық трендтері, стейкхолдерлердің ESG-талаптары Самұрық-Энерго үшін жаңа сын-тегеуріндерге айналып отыр. Осындай кезеңде Компания өзінің Даму стратегиясында «жасыл» экономикаға көшу бағытын белгілеп, оған қол жеткізуде нық қадамдар жасауда. Біз Жасыл қаржы орталығына, «Halyk Finance» және АХҚО қор биржасына үйлесімді жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз», деді «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов.

Жасыл облигациялардың дебюттік шығарылымы Жасыл қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр, орталық қажетті консультациялық қолдау көрсетіп, Екінші пікір форматында (Second Party Opinion) тәуелсіз қорытынды берді.

«Біз «Самұрық-Энерго» АҚ сынды ел экономикасы үшін маңызы зор ірі компаниялардың  «жасыл рельстер» жолына түсуіне өте қуаныштымыз, жүргізіліп жатқан осындай игі шаралар біздің жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізумен айналысатын даму институты ретіндегі жұмысымыздың басты көрсеткіші болып табылады», – деп атап өтті Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев.

Қоғам облигациялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы Эмитент болған және АХҚО биржасының жасыл қағидаттарына сәйкес шығарылған алғашқы бағалы қағаздар болды. Қоғам үшін экологиялық және әлеуметтік пайдасы бар инвестициялық жобаларды қолдау АХҚО-ны дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ірі электр энергетикалық холдингтің АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруы Қазақстандағы ESG инвестициялаудың дамуына, сондай-ақ экономиканың «қоңыр» секторларындағы компанияларды іске қосуға жаңа серпін беретін маңызды оқиға болып табылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: