Главная Новости Самұрық-Энерго - әр қимылда энергия!
17 қыркүйек 2018, 16:12 2304

Самұрық-Энерго - әр қимылда энергия!

Самұрық-Энерго - әр қимылда энергия!

Өткен аптаның аяғы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері үшін Басқарма төрағасының кубогы сарапқа салынған V Спартакиадамен есте қалды. Ауқымды спорттық шараның ашылу рәсімінде ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 1999 жылғы әлем чемпионы, 1996, 2000 жылдардағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңіске жігерлендіре түсті.  

 

Шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, армреслинг және шахмат секілді спорт түрлерінен жүлделер ойнатылған Спартакиада барысында «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығы, «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС,«ЕГРЭС-2 ст» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және «ВИЭ сервис» сынды тараптардан 9 команда бақ сынады.

Былайғы кезде жұбы жазылмас, ниеті бір әріптестер жеңіске жету жолында өздерінің күш-қайратын, спорттық шеберлігін ортаға салып, биік белестерге қол созды.

«Сайыстар жоғары деңгейде өтіп, командалар расында аянып қалмады. Төрешілер де әділ әрі бейтарап түрде қазылық жасады. Шын мықтылар жеңіс тұғырына көтеріліп, барлық қатысушылар ұмытылмас әсер алды», - дейді «Самұрық-Энерго жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразбек Бекбас.

Нәтижесінде «Богатырь Көмір» командасы өздерінің басымдығын танытып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды, сондай-ақ шағын футболдан алтын медальды және волейболдан күміс медальды иеленді. Жалпыкомандалық біріншіліктің жүлдегерлері тізіміндегі екінші орынды Алматы энергия кешенінің командасы  - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ еншілесе, үшінші орын екібастұздық энергетиктерге - «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС командасына бұйырды. Шахматтан жарыста көзге түскен «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының қызметкері Н.Балтабаев ерлер арасында бірінші орынды жүлделесе, әйелдер арасында  «АЖК» АҚ командасының ойыншысы Д.Көбегенова озық шықты. Үстел теннисінде ерлер арасында «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС ойыншысы С.Тищенко, әйелдер арасында  «Богатырь Көмір» ЖШС ойыншысы Е. Ережепова өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетті. Армрестлинг бойынша алтын медаль ерлер арасында 80 килограмнан жоғары салмақта «Богатырь Көмір» ЖШС өкілі А.Сазоновтың, 80 килограмға дейін – С. Жылқайдардың («АЖК» АҚ), ал әйелдер арасында  65 килограмға дейін – М.Қаржынқұлованың («ЕГРЭС-2 ст» АҚ), 65 килограмнан жоғары салмақта -  К.Гринченконың («ЕГРЭС-2 ст» АҚ) қоржынында кетті.

Спартакиада «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортты дәріптейтінін тағы да айғақтап, тұтас алғанда холдингтегі копроративтік қарым-қатынасты нығайта түсті. Сонымен қатар, компания қызметкерлері «Astana Marathon-2018» халықаралық марафонына да қатысты. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: