Главная Новости «Самұрық-Қазына» Ақтөбеде алғашқы инклюзивті спорт орталығын ашты
22 января 2026, 14:55 40

«Самұрық-Қазына» Ақтөбеде алғашқы инклюзивті спорт орталығын ашты

«Самұрық-Қазына» Ақтөбеде алғашқы инклюзивті спорт орталығын ашты

Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған инклюзивті спорт орталығы өз жұмысын бастады. Жобаны «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры мен Ақтөбе облысының әкімдігі бірлесіп жүзеге асырды.

Орталықта 25 метрлік бассейн, арнайы жаттығу залдары, спорттық ойын түрлеріне және үстел теннисіне арналған залдар бар. Ғимарат аумағында футбол алаңы мен жүгіру жолақтары салынған.

Жыл сайын орталық 420 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда жүзу мен боччадан бастап дзюдо, пауэрлифтинг және голболға дейін 20-дан астам паралимпиадалық және сурдоолимпиадалық спорт түрін дамыту жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде 31 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, олардың шамамен 1900-і спорт секцияларына қатысады. Орталықтың ашылуы спортпен шұғылдануға қолжетімділікті арттырып, тұрақты инклюзивті спорттық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мұндай инклюзивті спорт орталықтарын еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: