Главная Новости «Самұрық-Қазына» басшысы Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарын тексерді
13 октября 2025, 12:29 375

«Самұрық-Қазына» басшысы Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарын тексерді

«Самұрық-Қазына» басшысы  Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарын тексерді

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарындағы жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.

Бұл – мегаполистің энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды жобалар. Құрылыс алаңдары тексеріліп, жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасы аясында станцияны табиғи газға көшіру көзделген. Бұл қаладағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады. 2026 жылы жұмыстар толық аяқталған соң, зиянды шығарындылар көлемі жылына шамамен 14 есеге азайып, 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін төмендейді.

 


Сондай-ақ, электр қуатының көлемі 510-нан 557 МВт-қа дейін өседі. ЖЭО-3 нысанын қайта жаңарту аясында бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде станцияның электр қуаты 173 МВт-тан 544 МВт-қа дейін артып, еліміздің оңтүстік аймағындағы маневрлік қуат тапшылығын ішінара жабуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Нұрлан Жақыпов «АлЭС» АҚ нысандарының күз-қыс маусымына да дайындығын тексерді. ЖЭО нысандарын тексеру аясында әрі қала экологиясы мен келешегіне үлес қосу мақсатында жас көшеттер отырғызылды.

 

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: