Главная Новости «Самұрық-Қазына» басшысы Amazon Web Services (AWS) компаниясының өкілімен кездесті
27 апреля 2026, 13:27 39

«Самұрық-Қазына» басшысы Amazon Web Services (AWS) компаниясының өкілімен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Amazon Web Services (AWS) компаниясының өкілімен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Amazon Web Services (AWS) компаниясының Қазақстан, Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия бойынша бас директоры Инна Ожогинамен серіктестік мәселелерін талқылады. 

Кездесу барысында Amazon тобымен қазіргі серіктестік мәселелері, соның ішінде Amazon Leo спутниктік интернет жобасын іске асыру және желілік инфрақұрылымды дамыту туралы айтылды.

Amazon Web Services — Amazon компаниясының еншілес ұйымы және әлемдегі жетекші бұлтты есептеу платформасы. Компания «pay-as-you-go» (пайдаланғаның бойынша төлеу) үлгісі бойынша 200-ден астам қызмет түрін ұсынады. 2025 жылғы жағдай бойынша AWS — Amazon-ның ең табысты ұйымы, жылдық табысы 128 млрд АҚШ долларынан асады.

«Қазақтелеком» АҚ Amazon тобымен Amazon Leo спутниктік байланысы, халықаралық желілік байланыс және AWS бұлтты инфрақұрылымын Қазақстанда орналастыру бағыттарында серіктестікті дамытып келеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: