Главная Новости Самұрық-Қазына Construction Алматы облысында 5 зауыт салады
14 маусым 2021, 08:26 1086

Самұрық-Қазына Construction Алматы облысында 5 зауыт салады

Самұрық-Қазына Construction Алматы облысында 5 зауыт салады

Алматы облысында алдағы 2 жылда «Самұрық-Қазына Construction» АҚ-ның қатысуымен құрылыс материалдарын өндіретін 5 зауыт салынады, соның 2-еуі Талдықорған қаласында орналастырылады,  деп хабарлайды SKnews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір экономикасына 25 млрд теңге инвестиция тартылып, 600-дей тұрақты жұмыс орны құрылады. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы облыс әкімі Амандық Баталовтың «Самұрық-Қазына Construction» АҚ басшылығымен кездесуінде жан-жақты талқыланды. Минералды жылытқыштар, газбетонды блоктар, қасбет плиталары, керамикалық кірпіштер, есік блоктары және ламинатталған еден плиталары – осының бәрі жуық жылдарда Жетісу өңірінде өндірілетін болады. Бұл өз кезегінде сұранысқа ие құрылыс материалдарының бағасының төмендеуіне, отандық нарықты бәсекеге қабілетті жергілікті өнімдермен толықтыруға, сонымен қатар импорт алмасу мәселесінің оң шешілуіне ықпал етпек. «Самұрық-Қазына Construction» АҚ басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаев кездесуде осылайша ой бөлісті.   

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

«Алматы облысы құрылыс көлемі жағынан, яғни тұрғын үйлерді көптеп салу жағынан ерекшеленеді, сондықтан бізге сапалы құрылыс материалдары аса қажет. Енді құрылыс материалдарының өз өңірімізде өндірілетіндігі – экономикалық маңызды оқиғалардың бірі. Талдықорғанда зауыттарды орналастыруға барлық инфрақұрылымы тартылған индустриалды аймақ дайын тұр. Сондықтан құрылыс жұмыстарына кірісе берулеріңізге болады. Бұл барлық 5 нысанға да қатысты. Біз өз тарапымыздан тиісті көмектерді көрсетеміз», – деді Амандық Баталов.

Жылына 7 мың тонна минералдық жылытқыш, 60 мың текше метр газды блоктар, 2 млн шаршы метр ламинатталған еден плиталары, 1,5 млн шаршы метр қасбетке арналған фиброцемент плиталары шығарылады деп жоспарланған. Бұл – өнімнің бір бөлігі ғана.

Талдықорғанда газбетон блоктарын және керамикалық кірпіштер шығарылмақ. Бұл зауыттарды мерзімінде іске қосу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен жобаларды барлық сатысында «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ мен облыстық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы қолдайтын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: