Главная Новости «Самұрық-Қазына» және AIH ұйымының бірлескен инвестициялық қор аясындағы алғашқы жобасы белгілі болды
12 қараша 2024, 12:41 754

«Самұрық-Қазына» және AIH ұйымының бірлескен инвестициялық қор аясындағы алғашқы жобасы белгілі болды

«Самұрық-Қазына» және AIH ұйымының бірлескен инвестициялық қор аясындағы алғашқы жобасы белгілі болды

Бакуде COP-29 шеңберінде Әләт портында жүк терминалын салу жобасы бойынша міндетті келісімге қол қойылды.

Құжатқа сәйкес, «Кедентранссервис» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co (ҚХР, Сиань порты), Баку теңіз сауда порты және «SK-AIH Investment Fund» Ltd. бірлескен инвестициялық қорының қатысуымен Әзербайжан аумағында бірлескен кәсіпорын құру көзделген.

«Бірлескен қордың портфеліндегі алғашқы жобаның Әзербайжан аумағында жүзеге асырылуының мәні зор. Әрі негізгі қатысушылардың бірі – біздің Қытайлық серіктестеріміз (Сиань порты), бұл Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге жол ашады», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.

Терминал ТХКМ бағытын дамытудағы негізгі нысандардың бірі болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: