Главная Новости Самұрық-Қазына қолдауымен Ақмола облысының 50 тұрғыны тегін кәсіпке үйренеді
13 қазан 2023, 09:10 692

Самұрық-Қазына қолдауымен Ақмола облысының 50 тұрғыны тегін кәсіпке үйренеді

Самұрық-Қазына қолдауымен Ақмола облысының 50 тұрғыны тегін кәсіпке үйренеді

Жоба түлектерінің әрқайсына өз ісін дамытуға құны 517 500 теңге құрал-жабдық алып беріледі. Қаржылық сауаттылықты арттырып, сұранысқа ие кәсіптерге үйрететін жоба аталған өңірде 20 қазанда басталады.

Кешенді жобаның мақсаты - халықтың ең осал топтарының өкілдері, оның ішінде көбалалы және аз қамтылған, жалғызбасты, ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған отбасылар мен жастардың болашақта өз істерін бастау үшін қажетті жаңа дағдыларды үйрету және тәлімгерлік қолдау көрсету. Оқу аяқталғанған кейін де түлектерге қолдау көрсетіледі.  

«Өткен жылы Қор тарапынан қолдау тапқан пилоттық жоба белгілі бір деңгейде өз нәтижесін көрсетіп, биыл Ақмола өңірі ауқымында тиісті бастамаға демеушілік жасауға шешім қабылдадық. Әр отбасының қаржылық тұрақтылығы мен сауаттылығы, құзыреті – бүкіл елдің оң ахуалына септігін тигізетіні анық. Сәйкесінше халық арасында жұмыссыздық азайып, әркім өз кәсібін үйде отырып-ақ дөңгелетіп әкетіп кетсе дейміз.  Баршаңызға бірлесе кіріскен қадамда табыс тілеймін!», – деді өз сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан жобаның бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Жоба аясында тәжірибелік және шеберлік сабақтары, сондай-ақ «Цифрлық дағдылар», «Азық-түлік өндірісі», «Сұлулық индустриясы» және «Ер азаматтарға арналған кәсіптер» сынды төрт бағыттың бірі бойынша мамандандырылған оқыту қарастырылған. Осылайша әр қатысушыға жеке көзқарас танытылып, 150 АЕК сомасында өз кәсібін ашу үшін қажетті құрал-жабдықтарды алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Ақмола облысы бойынша барлығы 50 тұрғынды оқыту жоспарлануда. Қажетті тізім әкімдік арқылы қалыптастырылады.

«Қор қызметінің ірі қалаларды қолдауға ғана емес, сонымен қатар ауылдар мен шалғай аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталғаны қуантады және бұл Мемлекет басшысының бастамаларына толық сәйкес келеді. Сондықтан біздің облысымызға халықтың экономикалық белсенділігін дамыту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану маңызды. Бүгінгі жобаның әлеуметтік жағынан осал отбасыларға өз кәсібін ашу арқылы табыстарын арттыруға көмектесетініне сенімдімін», – деп атап өтті Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі Шолпан Рахматуллина.

Айта кетейік, жобаның пилоттық нұсқасы 2022 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылып, Ұлытау, Абай, Жетісу, сондай-ақ Түркістан және Ақтөбе облыстарында сәтті жүзеге асырылды. Барлығы 300 жоба түлегі оқытылып, олар шағын бизнестерін дамыту үшін құрал-жабдықтар алды. Игерген білімдері мен дағдыларының арқасында қатысушылар кондитерлік және тігін цехтарын, сұлулық салондарын ашу арқылы кәсібін кеңейтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: