Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ реформалау бағдарламасы аясында қолайлы нарықтық жағдайды ескере отырып, ыңғайлы мерзімде Қордың бірнеше компанияларын IPO-ға шығаруды көздейді. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» АҚ бар. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында қорды дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанаділ мәлім етті.
Қоғамдық кеңес мүшелері пікірталас барысында Қордағы активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау бағытында реформалау бойынша ұсынылып отырған шаралармен жете танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Ашық диалог форматындағы кездесу отырыс жұмысына жемісті әсер етті. Іс-шараның әрбір қатысушысы жалпы жекешелендіру, мерзімдері, активтерді қайтарып алу реттілігі, тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы өз пікірін ортаға салды.
«Қоғамдық кеңестің міндеті – қоғам өкілдерін тыңдап, олардың ұсыныстарын компаниялардың басқару органдарына жеткізу. Бұл жұмысқа азаматтар белсене атсалысып, өз ойларын, ұсыныстарын, жауаптары мен ескертулерін жолдайды деп ойлаймын», – деді Қоғамдық кеңес төрағасы Болат Жәмішев.

Отырыс нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленді, олар Қор басшылығының жұмысында қарауға жіберіледі.
Қоғамдық кеңестің құрамына қоғам өкілдері, сыртқы сарапшылар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері кіреді. Сонымен қатар отырысқа қор биржаларының (KASE, АХҚО) басшылары, қаржыгерлер мен миноритарлық акционерлер, инвестициялық банкирлер, экономистер қауымдастығы қатысты.
Еске салайық, әрбір қазақстандық «Самұрық-Қазына» АҚ жұмысына қатысты реформаларға тікелей қатысуға мүмкіндігі бар. Қордың ресми сайтындағы «Қоғамдық кеңес» бөліміндегі парақшаға өз ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді қалдыра аласыз. Ол ұсыныстарыңыз міндетті түрде ескеріледі.
186
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!