Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Лондон қаласындағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің штаб-пәтерінде Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен ЕҚДБ Вице-президенті Алан Пию «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша кепілдік шартына қол қойды.
ЕҚДБ мен «Алматы электр станциялары» АҚ арасындағы кредиттік келісімге 2022 жылғы қарашада қол қойылды, оның шеңберінде банк «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік кепілдігімен 15 жыл мерзімге 130 млрд.теңге сомаға қарыз беретін болады.
Сондай-ақ ынтымақтастық бағыттарын кеңейту шеңберінде Ұлттық электр желісін (ҰЭЖ) жаңғырту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
ҰЭЖ-дің болашақ конфигурациясы Оңтүстік аймақтың электр желісін нығайту және Батыс энергетикалық аймақты Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру үшін жағдай жасай отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізінің жел әлеуетін қоса алғанда, ЖЭК-ті энергобалансқа кең ауқымды тартуды қажетті желілік инфрақұрылым салу жолымен көздейді.
ҰЭЖ-ді дамыту дәстүрлі электр желісінің құрылысынан басқа, Smart Grid цифрлық технологиялары мен энергияны сақтау жүйелерін қолдануды көздейді.
Тараптар 2060 жылға қарай Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізу үшін өзара іс-қимылды ұлғайтуға өзара мүддені растады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
223
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи