Главная Новости «Самұрық-Қазына» қоры компаниялары: ең жас ұжым қандай?
29 тамыз 2018, 09:15 6775

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялары: ең жас ұжым қандай?

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялары: ең жас ұжым қандай? Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының сарапшысы Асқар Серікболұлы

2017 жылы «Самұрық-Қазына» қорына қарайтын компанияларда Әлеуметтік тұрақтылық рейтингісін (индексін) анықтау мақсатында өткізілген сауалнамаға 30 мыңнан астам қызметкер қатысқан болатын. Аталған жұмыскерлер отандық экономиканың саналуан салаларымен қатар, ұлан-ғайыр еліміздің әртүрлі аймақтарында аянбай еңбек етіп келе жатқанын атап кеткен жөн. Ал бұл ретте жастардың үлесі қанша, қай компанияларда жастар көп еңбек етеді?

Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының сарапшысы Асқар Серікболұлының айтуынша, зерттеу мәліметтерін талдай келе, бүгінгі таңда Қор бойынша қызметкерлер орташа алғанда 40 жаста екені анықталған.  Аймақтар тұрғысында жасалған талдау нәтижелері болса, жас ұжымдар көбінесе Астана мен Алматы қалаларымен қатар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланғанын аңғаруға болады (1-сурет). Бұл аймақтардағы қызметкерлердің орташа жасы 36-39 аралығында ауытқиды.

Зерттеу мәліметтері, сондай-ақ, ұжымдардағы қызметкерлердің жас ерекшеліктерін компаниялар қиылысында көруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, компаниялар тұрғысында жасалған талдама бүгінгі таңда ең жас ұжым «Эйр Астана» компаниясында еңбек ететінін көрсетті – 32 жас (2-сурет).

«Талдау жұмыстарын өткізу барысында бүгінгі уақытта жас мамандардың, яғни 18-29 жас аралығындағы өскелең ұрпақ өкілдерінің қай салада яки компанияда еңбек жолын бастауға асығатынын көру – өз алдына біздің қызығушылығымызды тудыртты», - дейді сарапшы.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, саны жағынан ең көп жастар «Қазақстан Темір Жолы» және «ҚазМұнайГаз» компанияларында қызмет атқарып жүргенін байқауға болады. Соған қарамастан, үлесі жағынан «Эйр Астана» АҚ алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі екендігі айқындалып отыр. Бұдан тыс, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымындағы қызметкерлердің әрбір төртіншісі 18-29 жастағы мамандар екендігін атап кеткен жөн (3-сурет).

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «Эйр Астана» АҚ тарапының жұмыс орны ретінде жастар жағынан таңдалуына көп жағдайда саяхаттау мен шет тілдерді үйрену мүмкіншіліктері тікелей ықпал ететіні анық. Оған қоса компания бренді мен ондағы қазіргі заманғы менеджмент үлгісі шешім қабылдауда үлкен рөл ойнайтыны сөзсіз», - деп түйіндейді Асқар Серікболұлы.

 Ал жас буынның еңбек жолдарын бастау кезінде көбінесе «Қазақтелеком», «Қазпошта» және «Самұрық-Энерго» компанияларын таңдауында қандай себептер бар? Аталған салаларда жастарды жаңашылықтардың белсенді енгізіліп жатқаны қызықтыра ма? Жалпы қандай үдерістер бүгінгі уақытта жастардың таңдау жасауына өз әсерін тигізеді? Мәртебелі оқырман қауым, Сіз қалай ойлайсыз?  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: