Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұңғыш рет құны 500 млн АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды 2,00% жылдық купонымен 5 жылға сәтті орналастырды. Орналастыру нәтижесі бойынша купонның ең төмен үстемеақысына қол жеткізілді және ТМД елдері арасындағы эмитенттер бойынша АҚШ долларында ұсынылған егемен еурооблигацияларда теңдессіз қысқа спрэд бекітілді.
Орналастыру «Самұрық-Қазынаның» командасымен 18-20 қазан аралығында бейне-конференция форматында халықаралық инвесторлардың қатысуымен ұйымдастырылған роуд-шоудан кейін жүзеге асырылды.
Тапсырыстар кітабын (book-building) қалыптастыру кезінде облигацияға деген сұраныс көлемі алғаш ұсынылғаннан үш есеге арта түсті. Мұның арқасында келісім-шарт бойынша соңғы үстемеақы көлемін +/- 5 негізгі тармаққа (WPIR) өзгерту құқығымен 2,3% дейін төмендетуге және келісімді 2,25% үстемеақы табысымен (reoffer yeild) жасақтауға мүмкіндік туды. Тапсырыс беру кітабының соңғы нұсқасына дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы инвесторлар кірді. Соның ішінде АҚШ, Еуропа, Ұлыбритания елдерінің компаниялар активтерін басқаратын Қорлар да бар. Жалпы, орналастыруға 70-тен астам халықаралық инвестор қатысты. Жергілікті облигациялар нарығын қолдау және дамыту мақсатында және ел ішінде еурооблигациялар бойынша табыс деңгейін сақтап қалу үшін орналастырудағы басымдық қазақстандық инвесторларға берілді. Олар орналастыру науқанына KASE және AIX қазақстандық биржалар арқылы қатысқан. Орналастыру сонымен қатар LSE биржасында листингтеледі деп күтілуде.
Келісім-шарт бірлескен алдыңғы қатарлы менеджерлер мен букраннерлер санатында жұмыс істейтін халықаралық банктер - Citi, MUFG, UBS және VTB Capital-мен қатар қазақстандық менеджерлер - «First Heartland Securities» АҚ және «Фридом Финанс» АҚ көмегімен жасалды.
307
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
177
04 мая 12:07
ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды