Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу қағидаларын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісу міндеті енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Атап айтқанда, бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында ескерілген.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілетін түзетулер бір көзден мемлекеттік сатып алудың негіздерін қысқартуды көздейді. Мәселен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында мемлекеттік материалдық резервке тауарларды, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды бір көзден сатып алу құқығы алынып тасталады», – деді Әлібек Қуантыров.
Оның айтуынша, заң жобасында «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу қағидаларын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісу міндеттілігі, Қордың холдингішілік кооперациясы аясында сатып алу тәсілін алып тастау нормасы көзделген.
«Бұдан басқа, заң жобасында Қордың жалғыз акционерінің Директорлар кеңесінің құрамын айқындауы бойынша және Қор қызметіне ашықтықты енгізуге бағытталған түзетулер қарастырылған», – деді министр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
88
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
98
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы